Сондықтан rast.kz бірқатар мәнбелерден осыған қатысты жауаптарды іздестіріп көрді.
Жаңа коронавирус – респираторлы вирус. Бұл жағынан келгенде, оның кәдімгі тұмаудан (грипп) айырмашылығы аз. Коронавирус негізінен науқастың тыныс жолдарынан бөлініп шығатын тыныс тамшылары, мәселен, жөтел немесе түшкіру кезінде, сондай-ақ езуден сілекей немесе мұрыннан тамшы бөлінуі нәтижесіндегі ауа-тамшылы жолмен беріледі. Сондай-ақ ол науқас кез келген заттың үстіңгі қабатынан, мысалы, есіктің тұтқасын ұстағаннан кейін сонда қалдырылып кететін вирус арқылы тарайды. Бұл жағдайды адамның ластанған қолы арқылы аузын, мұрнын немесе көздерін ұстауынан жұғады.
Коронавирустың симптомдары (белгілері) қандай?
– Температураның көтерілуі
– Түшкіру
– Жөтелу (құрғақ)
– Тыныс алудың қиындауы
Өте көп жағдайларда аталмыш симптомдар коронавируске байланысты емес, кәдімгі ОРВИ кезінде көрініс беріп тұрады.
Коронавирус қалай беріледі?
– Ауа-тамшылы жолмен (жөтел, түшкіру, сөйлесу кезінде вирус бөлінуінен)
– Тұрмыстық-қатынасты жолмен (пайдалану заттары арқылы)
Коронавирустың алдын алу шаралары бар ма?
– Әрине, бар. Ең маңыздысы – жеке гигиена ережелерін сақтау және адамдар көп жиналатын жерлерге баруды тыю
– Қолдарыңызды таза ұстаңыздар, оны сабынмен жиі жуып тұрыңыздар немесе дезинфекциялық дәрілерді пайдаланыңыздар
– Ауызға, мұрынғағ көзге жуылмаған қолды тигізбеуге тырысыңыздар (әдетте мұндай байқаусыз қол тигізу бір сағаттың ішінде орташа 15 рет қайталанып тұрады)
– Жұмыста өзіңіз отыратын бөлмедегі қолдарыңыз тиетін заттар мен құрылымдардың (клавиатуралы компьютер, жалпы қолданымдағы оргтехника панельдері, смартфон экраны, пульттер, үстелдің үсті, есік тұтқалары мен топсалары) үстіңгі қабатын тазалап отырыңыздар
– Өзіңізбен бірге ұдайы бір реттік сүрткіштерді алып жүріңіз, жөтелген немесе түшкірген кезде қашанда аузыңыз бен мұрныңызды жауып ұстаңыздар
– Егер өзгелердің қолдары тиіп кеткен болса, жалпы қорапшадағы немесе ыдыстағы тамақтарды (жаңғақтар, чипсығ печенье және тағы басқалар) жемеңіздер
– Балаларға микробтың қалай тарайтынын және қол мен беттің гигиенасы не үшін керек екенін түсіндіріңіздер. Оларға коронавирустың алдын алу жолдарын айтып беріңіздер. Бөлменің ауасын жиі жаңалап тұрыңыздар. Егер коронавирусқа ұқсайтын симптомдар байқалса, үйге дәрігер шақыртыңыздар.
Тұмылдырық (маска) инфекциялық ауру кезінде көмектесе ме?
Бір реттік медициналық тұмылдырық ауа-тамшылы жолмен (жөтел, түшкіру кезінде) берілетін вирус инфекциясын жұқтырып алу тәуекелінен құтқарады. ОРВИ-мен ауыратындар үшін тұмылдырық кию міндетті нәрсе, оны күніне бірнеше рет ауыстырып тұру керек.
Коронавирус инфекциясының симптомдары қанша уақытты белгі береді?
Симптомдар инфекцияллық ауруы бар басқа адаммен контакт болған кейінгі 14 күннің ішінде пайда болады.
Коронавирус инфекциясы қалай асқынады?
Жаңа коронавирус инфекциясы өткір респираторлы вирусты инфекцияға (ОРВИ) жатады және ол да ОРВИ-дің басқа түрлеріндегідей пневмония, бронхит, синусит және басқа болып асқынып кетуі мүмкін.