25 Тамыз, 01:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пашинянның бетке айтқан сөзінен соң Путин қозғалақтап кетті

2 Сәуір 2026 17:48
- Жаңалықтар, Жаһан
Пашинянның бетке айтқан сөзінен соң Путин қозғалақтап кетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 2 сәуір. Армения премьері бетіне тік қарап сөз айтқанда, Кремль қожайыны екі аяғын қоярға жер таппай ыңғайсызданып қалды. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресей диктаторы Владимир Путинге Кремльдегі демократия жөнінде дәріс оқыды», – деп жазды бірқатар мәтбұғат құралдары.

Кремльде өткен кездесуде Армения премьер-министрі Никол Пашинян интернет цензурасы туралы зәразап мәселені көтерді, бұл тақырып әдетте ресейліктерге өте ауыр тиеді, бұл сондықтан Ресей диктаторын да ыңғайсыз жағдайға қалдырды.

Ресей бұқаралық ақпарат құралдары жариялаған видеода ашық-жарқын  қалыпта жүрген кездесудің бір бөлігінде премьер-министрдің демократия жайлы сөз қозғап, Арменияда саяси бәсекелестіктің бар екенін атап өткені көрініп қалады. Бұған Путин ептеп шыжбалаңдап қалғандай болып кейіп танытты.

«Білесіз бе, Армения – демократиялық ел. Бізде әрдайым саяси үдерістер жүріп тұрады және бұл біз үшін қалыпты жағдай. Бізде жылына екі рет сайлау өтеді, ал муниципалдық сайлаулар да өте саясаттандырылған, себебі біздің саяси реформаларымыздың нәтижелеріне сүйене отырып, адамдар саяси партияға немесе қарсы дауыс береді», – деді Армения үкіметінің басшысы өзіндегі ахуалды Путин режиміндегі жалған сайлаулармен салыстырғандай сыңайда.

Содан кейін Пашинян Арменияда интернеттің тегін қызмет ететінін, республикадағы барлық әлеуметтік желілер ешқандай шектеусіз жұмыс істейтінін атап өткенде, Ресеймен салыстырудың сипаты одан әрі үдей түсті.

«Мысалы, біздің әлеуметтік желілеріміз 100 пайыз тегін, ешқандай шектеулер жоқ», – деді Хайастан премьері.

Бұл сөздер Ресейдегі интернет цензурасы күшейіп келе жатқан кезде айтылып отыр, қазір мұнда барлық шетелдік жедел хабар алмасу қызметтері, әлеуметтік желілер және бейнехостинг сайттары бұғатталып, азаматтар Ресей барлау қызметтері толығымен бақылайтын мемлекеттік Max мессенджерін пайдалануға мәжбүр бола бастаған.

Путиннің реакциясына қарағанда, Армения премьер-министрінің жоғарыда аталған сөздері Ресей диктаторын ыңғайсыз жағдайға қалдырған. Бейнежазбадан көрініп тұрғандай, оның жүйкесі жұқара бастағаны аяқтарын қоятын жер таппай, қайта-қайта қозғалаұтай түскенінен, қолын ысқылауды көбейткенінен, төмен қарай беруінен анық байқалды. Әдетте сенімсіздікке ұрынған адамда осыған ұқсас қимыл-әрекеттер көзге ұрып тұрады.

Кездесуде Пашинян Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысуын тоқтату мәселесін де көтерді. Премьер-министр билік армян халқына ҰҚШҰ-ның Қарабақтағы жағдайға неліктен араласпағанын түсіндіре алмайтынын айтты. Ол Еуропа одағына өту ойларында бар екенін ашып айтты. Ал Путин бұған екі одақтың бірін ғана таңдауға тура келетінін, екеуінде бірдей болуға болмайтынын айтып жауап берді.

Еске сала кетейік, бұдан бірнеше күн алдын Никол Пашинян кешегі Ресей империясы мен Кеңес Одағы кезінен бері өздеріне орыстар тарапынан кіл өтірік тарих айтылып келгенін, шын мәнінде тек Қарабақ аумағы ғана емес, тіпті Ереван мен соған жапсарлас екі қаланың атам заманнан әзербайжан еліне тиесілі болып келгенін жақында ғана білгенін айтып, өкініш білдірді. «Біз босқа алданып келіппіз, әзербайжанның ежелгі жерін патшалы Ресейдің, сосын коммунистердің айдап салуымен тартып алған екенбіз» деген сыңайда сөз айтты.

Таңбалар: Владимир ПутинкездесуНикол Пашинян

Ұқсас мақалалар

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Дәулет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

12.08.2026
«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist