Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Times: Моджтаба Хаменеи ес-түссіз жатыр, Иранға билік ете алмайды

ТЕГЕРАН. 7 сәуір. Иранның жоғарғы лидері Моджтаба Хаменеи ес-түссіз халде ем алып жатыр. Бұл туралы «КоммерсантЪ» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

The Times газетінің америкалық және израильдік барлау мәліметтеріне сілтеме жасаған мәлімдемесінде ирандық діни басшының комо жағдайында жатқаны айтылады. Мәтбұғаттың хабарлауынша, Хаменеи мырза қазір Кум қаласында емделуде. Оның жағдайы ауыр. The Times газеті барлау деректері бар құжатқа сілтеме жасай отырып, Иран рухани лидерінің қазір шешім қабылдай қоятындай халде емес екенін алға тартады.

Наурыз айының соңында Axios америкалық ЦРУ мен Израильдің «Моссад» барлау агенттігі Можтаба Хаменеидің шынымен Иранның билеушісі болғанын растауға тырысып жатқанын хабарлады. Өлтірілген аятолла Али Хаменейдің ұлының көшбасшы ретіндегі қабілеттілігіне байланысты күмән оның қоғамдық кеңістікте ұзақ уақыт болмауынан туындады.

Тегеран 28 наурызда АҚШ пен Израильдің алғашқы соққысында жаңа көшбасшы жараланғанын ресми түрде мойындады, бірақ жарақат жеңіл болды деп сендірді. The Telegraph кіші Хаменеи аятолла резиденциясына зымыран соққысынан аман қалды деп жазды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button