Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Еуропалықтар Трампты Қытайдан қаупі зор қайраткер деп атады

УАШИНГТОН. 9 сәуір. Еуропа құрлығы елдерінің тұрғындары Дональд Трамп басқарып отырған АҚШ-ты өздері үшін Қытайға қарағанда да қауіпті ел санайды. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

АҚШ президенті Дональд Трамптың саясатын Еуропа одағының жетекші елдеріндегі тұрғындардың басым көпшілігі қазір коммунистік Қытайға қарағанда да өздері үшін қауіптірек деп біледі. Бұл ретте Ресей бұрынғысынша әлі де планетадағы басты жау болып қала берсе (оны Politico сауалнамасының барлық қатысушыларының 70%-ы осылай атады), Трамп осы көрсеткіштің жартысынан астамына ие болды: респонденттердің 36%-ы қауіпті АҚШ-тан іздесе, 29%-ы Жөңге еліне сенбейтіндерін білдірді.

Сауалнама наурыз айының ортасында Бельгия, Германия, Испания, Италия, Польша, Франция сынды алты елде жүргізілді. Ондағылардың тек 12%-ы АҚШ-ты жақын одақтас деп атады. Ең жағымсыз бағаны испандар берді: олардың 51%-ы АҚШ-ты қауіпті,16%-ы бәсекелес, 13%-ы серіктес, 17%-ы жақын одақтас деп есептейді.

Сонымен бірге, олар Еуропаның автономиясын күшейтуді бірауыздан қолдайды: 94% жұрт континент өзін-өзі қамтамасыз етуі керек және тіпті егер мұндай өзгеріс айтарлықтай экономикалық шығындарға әкеп соқтырса да, басқа ірі державаларға тәуелділігі аз болуы керек деп санайды.

Испания АҚШ-қа Иранға қарсы операция жасау үшін әуе базалары мен әуе кеңістігін пайдалануға беруден бірінші болып бас тартты. Содан кейін бірқатар басқа Еуропа елдері белгілі бір шектеулер енгізді.

2025 жылдың соңында жарияланған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Трамп әкімшілігі Еуропаға Ресей мен Қытайға қарағанда көбірек шағым түсірді. Онда Еуропаға мигранттардың ағынына байланысты «өркениеттің жойылып кету» қаупі төніп тұрғаны және Уашингтон жағдайды өзгерту үшін Еуропа істеріне араласуға ниетті екені айтылды. Іс жүзінде мұның қалай болатынын вице-президент Джей Ди Вэнс көрсетіп берді, ол осы аптада премьер-министр Виктор Орбанға парламент сайлауы алдында қолдау көрсету үшін Венгрияға арнайы келді.

Қауіп-қатерден қорғауға келетін болсақ, испандар басқаларға қарағанда ЕО-ның басқа елдеріне әскери шабуыл кезінде көмекке келуге көбірек дайын (89%) және Еуропа армиясын құру идеясына айтарлықтай қолдау көрсетеді. Жалпы, сауалнамаға қатысқан алты елде бұл позиция 81%-ды құрайды, НАТО-дағы одақтастарға қорғануға көмектесуге 76%-дық дайын бар.

Сонымен бірге Ресей тарапынан төнетін қауіп-қатерді барлығы дерлік түсінеді. Польшада бұл 92%-ды, Бельгияда, Испанияда және Германияда – 70% пайыздан астамды, Францияда – 69%-ды, Италияда-51%-ды құрайды. Алғашқы екі елде Ресейге бүйрегі бұратындар мүлдем жоқ, ал Италияда ол тек 3%-ға ғана жетеді, бұл алты елдің ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button