Грузин дәрігері: Коронавирус – ажал араны емес
ТБИЛИСИ. 2 сәуір. Тбилиси мемлекеттік медицина университеті клиникасының директоры Леван Ратинани коронавирустың ажал оғын себуші емес, одан соншалықты үрейленудің қажетсіздігін айтты. Бұл туралы «Sputnik Грузия» хабарлады.
Қазіргі күндері Сакартвелода инфекция жұқтырып алған адамдардың біразы жазылуға қарады, жазылып шыққандар да бар. Дәрігерлер олардың бәрін табандарынан тік тұрғызудан үмітті.
Дәрігер Леван Ратиани журналистермен кездесуде коронавирустың «кісі өлтіруші» емес екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, клиника дәрігерлері коронавирустан өте ауыр жағдайға жеткен пациентті жазып шығарған.
«Осы әйелдің аман қалуының мысалында COVID19-дың «кісі өлтіруші» емес екенін сеніммен айта аламын. Ол бізге өте ауыр жағдайда келіп түсті. Пациент өткір респираторлы сондроммен келіп түсті, артық салмағы мен жүрек жетіспеушілігі, артериялы гипертензиясы бар екен, соған қарамастан, осы кезеңде оның жағдайын күрт жақсарта алдық… COVID19-ды «кісі өлтіруші» деп санау ешқандай шындыққа жанаспайды. Егер біз бір бағытты ұстанып, пациентті емдейтін болсақ, оның жағдайының өзі бізге көмектесіп, жазып шығаратын боламыз», – деді Ратиани.
Клиника директорының айтуынша, коронавирустың кәдімгі тұмаудан (грипп) көп айырмашылығы жоқ. Одан қатерлі де емес. Адамның тыныс жолдарында бір кәкір болса, пневманиямен ауырса, сол тұмаудан-ақ кетіп қалады. Көп жағдай қазір қайтыс болып жатқандар сол грипптен кетіп қалып жүрген болулары да мүмкін.
«Біз қазір соғыста жеңіске жеткендей күй кешіп жүрміз. Бір пациентіміз контактілі болды. Оны жүректің жасанды желдеткішіне қосып қойдық. Күннің соңына қарай оны ажыратамыз», – деді дәрігер.
Клиникаға түскен 80 жастағы әйелдің де жағдайы біртіндеп жақсарған. Онда да жүрек жетіспеушілігі бар екен. Емнің арқасында тыныс алу параметрлері жақсарған. Бұл әйелдің әлі күнге дейін тірі тұрғанының өзі бір жеңіс, деді Ратиани.
Қазіргі сәтте клиникада 77 пациент қалған. Олардың 17-сі инфекция жұқтырып алған. Енді оларды да жазып шығудың мүмкіндігі бар.
Соңғы мәлімет бойынша, Грузияда 108 адам инфекция жұқтырып алған. Олардың арасында қайтыс болғандар жоқ.