Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Коронавирус індетін өзгелерден бұрын жеңетін елдің аты аталды

МӘСКЕУ. 30 қазан. Ресей маманы Владислав Жемчугов коронавирус індетін Швецияның өзгелерден бұрын жеңіп шығатынын айтты. Бұл туралы «Московский комсомолец» хабарлады.

«Иммунолог, аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман Владислав Жемчугов Швеция коронавирус пандемиясынан арылуға мүмкіндік беретін 60-70 пайыздық жаппай иммунитет деңгейіне жететін алғашқы ел болуы мүмкін деп мәлімдеді. Оның айтуынша, шведтер бастапқыда вирусты еркіне жіберу жөнінде дұрыс тактика ұстанды. Рас, дәрігер бұл үшін денсаулық сақтау жүйесіне толық сенім болуы керек екенін атап өтті. Сонымен қатар, Жемчугов елде жұқтырғандар көп, бірақ өлгендер аз екенін атап өтті», – делінген хабарламада.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button