Инфографика

«Футбол-21» күнтізбе-анықтамалығы

Қызылордада биылғы футбол маусымына арналған «Футбол-21» атты күнтізбе-анықтамалық баспа жүзінен жарыққа шықты. Ол Қазақстанның биыл отызыншы мәрте жалауын көтеріп отырған мерекелік чемпионатына арналған. Футбол жанкүйерлері мен мамандары жинақтан премьер-лига командаларының құрамдарымен, ойындар күнтізбесімен таныса алады. Буклетте сондай-ақ премьер-лига және бірінші лига командаларының өткен жылғы маусымдағы қорытындылары да жарияланған. Еліміз құрама командасының ойындары жөнінде нақты мәліметтер берілген. Бұдан бөлек, жинақта әлем футболына қатысты бірқатар қызықты деректер де бар. Жалпы, кітапша мазмұнына 33 мақала мен хабар енгізілген.

Күнтізбе-анықтамалықтың көлемі 84 беттен, 4 суретті жапсырмадан тұрады.

Жинақ Қызылордадағы «ASU» баспа үйі» баспаханасында басылып шыққан.

 

Футбол жанкүйерлері назарына!

Басқа қалаларда тұратын оқырмандар күнтізбе-анықтамалықты тапсырыс беру жолымен алдыра алады. Бұл үшін «Каспи голд» картасындағы мына нөмірге тиісті соманы аудару керек: 8 705 533 33 59 (Лаура С). Карта № 5169 4971 9446 9320. Ал карта арқылы аудара алмайтындарға мынадай ИИН ұсынылады (880 607 402 391). Соңынан төлем жіберген кісілер жоғарыда көрсетілген телефон нөмірінің уацабына сол жөніндегі түбіртекті және толық мекенжайларын аты-жөндерімен бірге жазып жіберулері керек. Кітапша сол мәнзіл (адрес) бойынша салынып жіберіледі.

Жинақтың бір данасы 1000 теңге тұрады. Бұған «Қазпошта» бандероліне кететін соманы қоса есептегенде, ол 1360 теңгеге барады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Back to top button