Қан тобының коронавируспен күресте өз әсері бар екен
БОСТОН. 4 наурыз. АҚШ-тың Бостон қаласындағы Brigham& omen’s кеселханасының мамандары осындай нақты тұжырымға келіп отыр. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
«Басқаларға қарағанда, қаны екінші топқа жататын адамдардың коронавирусты жұқтыру және Covid-19-дың ауыр формасына ұшырау қаупі жоғары», – делінген онда.
Зерттеу авторлары вирустың негізгі жасушамен байланысуына жауап беретін элементіне ерекше назар аударды. Олар қан тобының вирустың қызыл қан жасушалары мен тыныс жолдарының эпителий жасушаларына байланысына ететін әсерін білуге тырысты. Нәтижесінде иұның тікелей ісері бар екенін анықталды.
Вирус тыныс алу жолдарының эпителий жасушаларында орналасқан екінші қан тобының антигендеріне «етене жақын» екенін көрсетті. Сонымен қатар, вирустың әртүрлі қан топтарындағы эритроциттермен байланысу дәрежесінде ерекше айырмашылық болған жоқ.
Covid-19-дың ауыр түрінің қаупі жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарда, егде жастағы пациенттерде, диабетпен ауыратындарда, семіздікке ұшырағандарда, сондай-ақ Альцгеймер ауруына шалдыққандарда жоғары болып шықты.