Кремль украин зымырандарынан қорқып, парад өткізбейтін болды

МӘСКЕУ. 8 сәуір. Кремль биыл бірінші рет 9 мамырда Жеңіс парадын өткізбейді, оған Украина армиясының зымырандармен шабуылдау қаупі себепкер болып отыр. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украинада Мәскеуге 10-30 минут ішінде жете алатын ұзақ қашықтықты зымырандар арсеналының пайда болуы Кремльді Ресей астанасында Жеңіс шеруін өткізуге дайындалуды тоқтатуға мәжбүр етті.
Сөйтіп, Мәскеуде 30 жыл ішінде бірінші рет 9 мамырда парад өтпей қалуы мүмкін. Z-блогерлердің айтуынша, Ресей билігі Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі парадтың әуедегі бөлігін қойып, оны жер бөлігіне ауыстыру немесе толығымен тоқтату нұсқасын қарастыруда.
Мұның себебі Украинада Мәскеуге 10-30 минут ішінде жете алатын алыс қашықтықтағы зымырандардың пайда болуы деп аталады. Соловьевтің LIVE эфирінде Z-блогер Илья Туманов (Fighterbomber) әскерилердің парад расчеттарын жаттықтыруы тоқтатылғанын, ал қатысушыларға «айрықша нұсқау болғанша» дислокация орындарына қайтып бару тапсырылғанын мәлімдеді. Ресейлік мәнбелердің сөздеріне қарағанда, Қызыл алаңдағы іс-шаралар кезінде оған украиндар тарапынан зымырандармен тікелей соққылар берілуі ықтимал. Мұндай сценарий, тіпті соққылар нысанасына дәл тимеген күннің өзінде, Ресей билігінің имиджіне өте қатты соққы болып тиер еді. Тіпті шабуылдың өзі болмаған жағдайда да Ресей билігі зымыран шабуылы қаупі бар екенін жариялауға және жұртты ықтасын жерге көшіруге мәжбүр болады. Көпшіліктің Қызыл алаңнан тым-тырақай қашып бара жатқандары мен Путиннің өз үңгіріне – бункерге қарай зытуы оның режиміне берілген аса зор зарп болмақ. Мұның бәрі трансляция арқылы сол заматында бүкіл әлемге тарап тұрады.
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұдан алдын парадтың өтпейтіні жайлы әңгімені сиырқұйымшақтатып баяндап, мерекеге әзірліктің жалғасып жатқанын ғана айтып өтіп еді.
Украина соңғы айларда жүздеген шақырым қашықтықтағы нысанаға дөп тиетін зымырандардың жасалып қойылғанын жария еткен еді. Әңгіме барысында 3000 шақырымға дейін беймалал жете алатын «Фламинго» қанатты зымыраны жайы еске алынды. Бұдан бөлек тағы 850 шақырымға еркін жететін FP-9 баллистикалық ракетасы да дайын тұр. Бұлардың екеуі де Мәскеуге оңай жете алады.
Осы қауіптің салдарынан Мәскеу соңғы жылдары парадты біршама қысқарған нұсқасында өткізіп келді. Техника мен авиация саны едәуір кемітілді. Парад соңғы рет 1991-1994 жылдары өткізілген жоқ.






