Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Ақтөбеде облыстық әкімдіктің ғимараты өртеніп жатыр

АҚТӨБЕ. 7 сәуір. Ақтөбеде облыстық әкімдік ғимаратынан кенеттен өрт шықты, жұрт көшіріліп жатыр. Бұл туралы «Мой город» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Ақтөбедегі әкімдік ғимараты бүгін, 7 сәуір күні отқа оранғанын баяндады.

«Осы мезеттерде ТЖМ құтқарушылары Ақтөбе қаласының Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан әкімшілік ғимараты 6-қабатының шатырынан шыққан өртті жою жолында күресіп жатыр», – делінген хабарламада.

Судың тоқтаусыз берілуі қамтамасыз етілді. Адамдарды басқа жаққа көшіру жүріп жатыр.

Оқиға орнында жедел штаб іске қосылды. Зардап шеккендер жөнінде әзірге ақпар келген жоқ.

Мәліметке қарағанда, сағат 21:22-де өрт аумағы толық тұйықталған, жалынды сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Әзірге өрттің шығу себептері айтылып отырған жоқ.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button