Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Матвиенко Ресейдің «әлемдегі ең қадірменді ел» екенін мәлімдеді

МӘСКЕУ. 4 сәуір. Матвиенко Ресейдің «әлемдегі ең құрметті ел» екенін, сондықтан оның Зеленськийді ұрлап әкетуге әрекет жасамайтынын айтты. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресей Федерация кеңесінің райысы Валентина Матвиенко Кремльдің украин лидері Володимир Зеленськийді ұрлап әкету ниетінде жоқ екенін баяндады. Себебі, бұл олардың «стиліне жатпайтын қимыл» екен .

Валентина Матвиенко бұл тұжырымды Z-журналист Ольга Скабееваға берген сұхбатында білдірді. Ол Ресейдің «өзін өзі құрметтейтін және әлемдегі қадірлі ел» екенін айта келіп, мұндай әрекеттердің қолданудың бұл жоғары мәртебені жоғалтуға әкелетінін мәлімдеді.

«Сіз маған Зеленськийді ұрлап кетуді ұсынып тұрсыз ба, немене? Сіз мені арандатпаңыз, «қазір ұрлап кетеміз» деп айтты дегізіп. Біз – біздің тәсіл емес. Біз өзін өзі құрметтейтін және әлемдегі қадірменді елміз. Егер мынадай тәсілдермен әрекет етер болсақ, біз өзімізге деген құрметтен айырыламыз», –  деді Федерация кеңесінің басшысы.

Бірақ Валентина Ивановна Ресейдің басқыншылар армиясының Кремль көсемінің тікелей тапсырмасымен әлденеше ондаған мың украин балаларын өздері басып алған жерлерден күштеп алып кеткендерін, әрине, айтқан жоқ.

Ол сондай-ақ АҚШ-тың Иран рухани көшбасшысы аятолла Али Хаменеиді жойып жібергеннен ешкім «ешқандай әсер алмағанын», есесіне бұл «дақтың» тарихта өшпей қалатынын айтты.

Бұған себеп болып отырғаны: АҚШ-тың Delta Force арнайы күштері биылғы 3 қаңтарға қараған түні Венесуэла байтағы Каракасты басып алып, президент Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флоресті АҚШ-қа алып кеткен еді, оларға «есірткі терроризмі», қару-жарақты заңсыз сақтау және есірткі контрабандасы бойынша айып тағылған болатын.

28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға қатты соққы берді, нәтижесінде Али Хаменеи мен кем дегенде 40 жоғары лауазымды әскери-саяси шенеунік жойылды. Президент Дональд Трамптың айтуынша, операция Иран режимінің ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу үшін басталған.

Валентина Матвиенко (қыз күніндегі тегі – Тютина) 1949 жылы 7 сәуірде Украинаның Каменец-Подольск (қазіргі Хмельницкий) облысынедағы Шепетовка қаласында туған. Әкесі Иван Тютин – пензалық орыс, әскери қызметкер, анасы Ирина Бублей – черкассылық украин қызы. Мектепті күміс медальмен бітіргесін әуелі Черкассы медучилишесінде, ал 1972 жылы Ленинград химия-фармацевтика институтында білім алып шыққан. Жоғары оқу орнының 5-курсында оқып жүргенінде кейін медицина қызметінің полковнигі атанатын Владимира Матвиенко есімді украин жігітіне күйеуге шыққан.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button