ӨМІРДІҢ ЕРНІ ЕҢКЕЙІП МЕНІ ӨПКЕНДЕ…
Күндердің күні болғанда!
Түндердің түрі
оңғанда!
Өлеңім сәл-сәл оянып,
Өр жақты оймен шолғанда!
Қанаты бүтін қарлығаш,
Қолыма келіп
қонғанда!
Телегей теңіз жүрегім,
Тербеліп нұрға толғанда!
Толқынмен бірге
толықсып,
Барар ем мен де сол маңға!
Жырыммен жылу
сыйлар ем,
Жүрегі мұздап тоңғанға!
Күндердің күні күлгенде!
Түндердің түгін
түргенде!
Етегін елдің жабар ем,
Ессіздер елсіз жүргенде!
Балмұздақ бақыт
сыйлар ем,
Балақай мәз боп күлгенде!
Сенімнің нәрін
себер ем,
Сезіммен өмір сүргенге!
Қазақ пен қазақ
үйіме,
Кеудесін керіп кіргенде!
Ет асып, жайма
салар ем
Келін бола қап бір демде!
Күндердің күні жеткенде!
Түндердің түрі
кепкенде!
Сарғайған өлең жазар ем,
Салауат айтып өткенге!
Бақыттың гүлін
егер ем,
Бұйығып жатқан бөктерге!
Дүрр-р етіп шыға
келмей ме,
Жап-жасыл болып шөптер де!
Өмірдің ерні
еңкейіп,
Өңімнен сүйіп өпкенде!
Көктемде мынау
көктемде,
Құдай-ау,
басқа арман да
Мақсат та басқа жоқ менде!
Аманкүл ПІШЕНБАЙҚЫЗЫ