17 Қазан, 06:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Ешкім Мырза Путинге қарсы» фильмі «Оскар» сыйлығын алды

16 Наурыз 2026 22:33
- Жаңалықтар, Руханият
«Ешкім Мырза Путинге қарсы» фильмі «Оскар» сыйлығын алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УАШИНГТОН. 16 наурыз. Ресейлік Павел Таланкин мен Дэвид Боренштейннің «Ешкім емес Мырза Путинге қарсы» деректі фильмі АҚШ Киноакадемиясының «Оскар» сыйлығына ие болды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Павел Таланкин мен Дэвид Боренштейннің Ресей мектептерінде соғыстың насихатталуын паш ететін «Ешкім емес Мырза Путинге қарсы» («Господин Никто против Путина», «Mr. Nobody against Putin», 2025) атты лентасы «Үздік деректі фильм» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығына лайықты деп табылды.

«Оскар» сыйлығын 98-ші мәрте тапсыру рәсімі Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласындағы «Долби» театрында 15 наурыз, жексенбі күні өтті.

Боренштейн фильмді «елден қалай айырылып қалуға болатыны жайлы картина» деп атады. «Біз осы кадрлармен жұмыс істеп жатқан кезде оны сансыз майда-шүйде қатысушылардың әрекеттері арқылы-ақ жоғалтып алуға болатынына көз жеткіздік. Бірақ, бақытымызға орай, тіпті «Ешкім» де сіз ойлағаннан әлдеқайда күшті бола алмайды екен», – деді ол.

Таланкин өз кезегінде сахнадан «жер бетіндегі барлық соғыс атаулыны тоқтатуға» шақырды.

«Төрт жыл бойы біз жұлдызды аспанға қарап, ең маңызды тілек айтып келеміз. Өте маңызды тілек. Бірақ жұлдыздардың орнына аспаннан бомбалар түсіп, дрондар ұшатын елдер бар. Болашағымыз үшін, барлық балаларымыздың қамы үшін барлық соғыстарды тоқтатайық. Қазір», – деді ол.

Фильмнің негізіне Челябинск облысының Карабаш қаласындағы мектептің ұйымдастырушы-педагогы Таланкиннің 2022 жылдың ақпан айында Ресейдің Украинаға толық ауқымды басып кіруі басталғаннан бері түсірген бейнежазбалары алынған.

Таңбалар: деректі фильмОскарсоғысТаланкин

Ұқсас мақалалар

ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН
Жаңалықтар

ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

16.10.2026
«Әбіл» фильмі Қазақстан атынан «Оскар-2027» сыйлығына ұсынылды
Жаңалықтар

«Әбіл» фильмі Қазақстан атынан «Оскар-2027» сыйлығына ұсынылды

23.09.2026
Лукашенка армияның соғысқа қаншалықты дайын екенін тексеруді бұйырды  
Жаңалықтар

Лукашенка армияның соғысқа қаншалықты дайын екенін тексеруді бұйырды  

12.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist