Руханият

Рашн гудбай (фильм)

«Рашн гудбай» («Ресеймен қоштасу») – 2025 жылы түсірілген украин комедиялық-драма фильмі, ол сол жылы 27 наурызда прокатка шықты. Картина «Квартал 95» студиясында түсірілді. Режиссері Алексей Кирющенко. Фильмде оккупацияланған Горливкада тұратын әйел  Рита Кремль насихатының әсерімен әуелі 10 жасар ұлымен Ресейге қашады, бірақ бір жағдайларға байланысты сосын Батыс Украинаға – Ужгородқа барады. Сол жерде ол ресейлік пропаганда машинасының ойдан шығарылған мифтерін жоққа айналдыратын шындықпен бетпе-бет кездеседі. Бұл оның дүниетанымын түбегейлі өзгертіп жібереді.

Фильмнің салиқалы тақырыптарға юморлық көзқарасы да екі дай сезім қалдырады. Дегенмен, онда өмір шындығы мен-мұндалап көрінеді.

Рөлдерде: Екатерина Варченко, Андрей Исаенко, Анна Буткевич, Алексей Нагрудный, Виталий Иванченко.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button