Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Сыр бойында конго-қырым қызбасынан тағы екі адам жан тапсырды

ҚЫЗЫЛОРДА. 11 шілде. Қызылорда облысында конго-қырым безгегін жұқтырып алу салдарынан тағы екі адам қайтыс болды. Бұл туралы Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Қатерлі кеселдің кесірінен өмірмен қоштасқандардың бірі Шиелі ауданына болса, екіншісі Жаңақорған ауданының тұрғыны болып шықты.

Қазір Шиелі ауданының тағы бір тұрғынынан конго-қырым геморрогиялық қызбасы диагнозы анықталды.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова өңірде бұл ауру түрі бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделенгенін айтып отыр.

«Былтыр 27 аптада – 601, биыл 712 адам кене шағып, медициналық көмекке жүгінді. Былтыр – 14, биыл 10 адамда ауру лабораториялық жолмен нақтыланды», – дейді ол.

Бұған дейін Қызылорда облысының 51 жастағы тұрғынынан сиыр сойғаннан кейін кене табылып, қайтыс болғаны анықталған еді.

Жансая НҰРҚОЖА

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button