25 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Чех саяхатшысы орыстардың тірлігіне таң қалып отыр

16 Тамыз 2021 08:09
- Әлеумет, Жаңалықтар
Чех саяхатшысы орыстардың тірлігіне таң қалып отыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ПРАГА. 16 тамыз. Ресейде үш жыл тұрып, еліне қайтқан чех саяхатшысы орыстардың өте кереғар мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне қатты қайран қалғанын айтып берді. Бұл туралы «Московский комсомолец» хабарлады.

Чехия азаматы Грабал-Крондяк үш жылдың ішінде Ресейдің ең алыстағы түкпірлерінде де болып қайтқан екен. Ол «ВикендДнес» журналына берген сұхбатында орыстарды түсінудің өте қиын екенін баяндаған. Олар кейде ақжарқын, дархан болып көрінгенімен, өздерін үнемі бойларын кек пен өшпенділік кернеп жүргендей етіп көрсеткен. Саяхатшы осы уақытта орыс жанының түкпіріне терең үңіліп баққанын сөз етеді. Оның айтуынша, бүгін бірге арақ ішіп, құшақтасып отырған орыстың ертеңіне саған балта алып жүгіруі әбден мүмкін үйреншікті жағдай екен.

«Орыстармен бірге отырып арақ ішуге, кәуәп жеуге, сырнайдың сүйемелдеуімен ән салуға болады, бірақ олармен салиқалы байланыс орнату, – кейбір ілеуде бір жағдайда болмаса, – мүмкін емес», – деп есептейді Грабал-Крондяк.

Ол өзінің орыстардан, мысалы, «Мен саған ертең фотоны салып жіберемін» дегендерін талай мәрте естігенін, бірақ бұл уәденің ешқашан орындалмағанын еске түсіреді. Орыстар сондай-ақ телефонмен жіберілген хабарламаларды оқып тұрса да, оларға жауап қайтара қоймайды. Чех орыстардың үйіне қонақтарды, сыятын-сыймайтындарына, оларға көңіл бөле алатын-алмайтындарына қарамастан, есепсіз шақыра беретіндеріне де қайран қалады.

Чех саяхатшысы сол сияқты Ресей тұрғындарымен арада туып тұрған пікірталастар турасында әңгімелеген екен. Оның айтуына қарағанда, орыстардың басым бөлігі Сталиннің өзін, соның ішінде оның жасаған репрессиясын ақтайтын көрінеді. Ал Екінші дүниежүзілік соғыста орыстар ғана қаһармандық көрсеткен, АҚШ пен Ұлыбритания сол кезде өз жақтарында демалып жүрген. «Былайынша, сүйкімді, достық рәуішті, көңілді және қонақжай көрінетін осы адамдардың ішкі терең қалтарыстарында қашанда әлденеге деген өкпе-реніш, батылсыздық, ксенофобия (өзгелерді қаламаушылық), «русни» деген бір ызақорлық бұғып жатады. Олар еврейлерді, поляктарды, украиндарды, эстондарды, литвандарды, латыштарды, америкалықтарды, грузиндер мен шешендерді, жалпы жұрттың бәрін жек көреді. Орыстар өздерінен басқа ешкімді жақсы көрмейді», – деп қадап өтеді Грабал-Крондяк.

Саяхатшының сөзінше, орыстармен ортаға арақ алып қойып, өткізіп отырға жанға жайлы сырласу сағатыңыздың ұрыс-керіске, жағымсыз әңгімеге, жаға жыртысуға айналып кетуі оп-оңай. Сол кезде саған өзіңнің және халқыңның атына айтылған неше түрлі қолайсыз сөздерді естуге тура келеді. Оларға өздері содан сәл ғана бұрын өздері айтып отырған «өз сыраларының чех сырасынан нашар екенін» білдіріп қалсаң болды, сол сәтінде оған сенен жаман адам жоқ болып шыға келеді, ал күні бойы жайраңдап отырған адамың кенет нағыз зұлым болып алдыңда тұрады.

«Көп адам орыс мінез-құлқының түп-тамырына талдау жасауға әрекет еткен екен, бірақ оны зерттеу өте қиынға түсіпті. Онда ашушаңдық та, өздерін ұлы санаушылық та, даңққұмарлық та бір-бірімен астасып жатыр», – деп атап өтеді саяхатшы. Ол орыстардың Батыс Еуропаның өздерін менсінбеуі, кем тұтуы әсерінен толымсыздық комплексіне ұшырап қалғанын да ашып айтады.

 

Таңбалар: Грабал-Крондякорыстарчех саяхатшысы

Ұқсас мақалалар

Кореядан баспана сұраған ресейліктер саны рекордтық мөлшерге жетті
Жаңалықтар

Кореядан баспана сұраған ресейліктер саны рекордтық мөлшерге жетті

27.02.2024
«Екі мыңға жуық қазақ қамыста тірідей өртенді»
Тіршілік

«Екі мыңға жуық қазақ қамыста тірідей өртенді»

03.07.2023
Ұшақ ішінде төбелескен мас орыстар Дубай аэропортында қамауға алынды
Жаңалықтар

Ұшақ ішінде төбелескен мас орыстар Дубай аэропортында қамауға алынды

15.03.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist