26 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бұдан бір ай бұрын құлып астынан босатылған Көкірекбаев қайта қамалды

26 Шілде 2024 15:45
- Жаңалықтар, Құқық
Бұдан бір ай бұрын құлып астынан босатылған Көкірекбаев қайта қамалды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 26 шілде. Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев сот алдында ақталып шыққанына бір жарым ай толғанда, қайта қамауға алынды. Бұл туралы Adyrna.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

2013-2018 жылдары Жамбыл облысының әкімі болған Кәрім Көкірекбаев 2022 жылдың соңында «Қазселденқорғау» мекемесін басқарып жүрген кезінде аса ірі көлемде пара алды деген айыппен ұсталған болатын. Алайда биылғы 7 маусымда Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларына қатысты істі қайта қараған Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Кәрім Көкірекбаевты ақтап шығарды.

Бұған прокуратура келіспеді. Ондағылар «Қазселденқорғау» мекемесі бұрынғы басшысының ақталуы күмән тудыратынын мәлімдеді. Ал Жоғары Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина істің қайта қаралуы мүмкін екенін айтты.

Антикордың мәлімдеуінше, кеше Кәрім Көкірекбаевты ақтау жөніндегі үкімнің күші жойылып, оның өзі сот залында бірден қамауға алынған.

«Биылғы 25 шілдеде Алматы облыстық соты ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшысы Қ.Көкірекбаевқа қатысты ақтау үкімінің күшін жойды, қылмыстық іс бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жолданды. Сонымен қатар, К. Көкірекбаев сот залында қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысының бұрынғы әкімі және сол кезде «Қазселденқорғау» мекемесінің басшысы болған Кәрім Көкірекбаев 2022 жылы 27 желтоқсанда ірі көлемде пара алуы кезінде ұсталған еді. Кейін, 2023 жылғы мамыр айында Антикор хабарлағандай, ол кәсіпкерлерден орындалған жұмыстары жөніндегі актілеріне қол қойғаны және көрсеткен барша қамқорлығы үшін жалпы сомасы 396 млн теңге көлемінде пара алған.

Таңбалар: антикорКәрім Көкірекбаевпарасотүкім

Ұқсас мақалалар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты

31.07.2026
Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды
Жаңалықтар

Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды

04.07.2026
Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды
Жаңалықтар

Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды

03.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist