26 Тамыз, 15:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Париж-2024: Қазақ боксшыларының алғашқы қарсыластары белгілі болды

26 Шілде 2024 10:01
- Жаңалықтар, Сайыс
Париж-2024: Қазақ боксшыларының алғашқы қарсыластары белгілі болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ПАРИЖ. 26 шілде. Кеше кешқұрым Париж Олимпиадасындағы бокс турнирінің жеребесі тартылып, атлеттеріміздің алғашқы қарсыластары анықталды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Жеребе тарту рәсімі аяқталған бойда бізге Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов хабарласып, оның нәтижесі жөнінде айтып берді.

«Бұл – Олимпиялық ойын. Оған жер-жаһанның қазіргі таңдағы ең үздік, сайдың тасындай атлеттері сақадай сайланып келіп отыр. Олардың әрбірі – ықтимал жеңімпаз, жүлдегер. «Шаппай бермен» алатын бәйге жоқ мұнда. Әрбір қарсылас қатаң іріктеуден өткен. Оңай қарсылас жоқ. Сол себепті, әрбір жекпе-жек біз үшін финалға пара-пар. Біз екінші, үшінші кездесу қиын болады деп қарастырмаймыз. Бір бірінші жекпе-жектен бастап тас түйін дайын шығамыз», – деді Мырзағали Құланұлы бізге.

Сонымен, бокс турнирі 27 шілде, сенбі күні басталады. Бұл күні біздің 63,5 келіге дейінгі салмақтағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (суретте) испаниялық Ойер Ибаррече Кондемен, 80 келіге дейінгі салмақтағы Нұрбек Оралбай аустралиялық Каллум Петерспен 1/16 финалдық іріктеу шайқасы аясында күш сынасады. Егер Мұхаммедсабыр жеңіске жетсе, 1/8 финалда оны тайпейлік Лаи Че күтіп тұр. Ал Нұрбек осы қарсыласынан басым болып шықса, келесі кезеңде Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан) – Абдельрахман Ораби (Мысыр) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі.

28 шілде, жексенбі күні 51 келіге дейінгі салмақтағы Сәкен Бибосынов түрік Самет Гумушпен, 57 келіге дейінгі салмақтағы Махмұд Сабырхан испаниялық Хосе Бротонс Кильеспен, 71 келіге дейінгі салмақтағы команда капитаны Асланбек Шымбергенов иорданиялық Зиад Ишайшпен, ал 92 келіге дейінгі салмақтағы Айбек Оралбай нигериялық Олайтан Адам Олаормен шайқасады. Бұдардың арасында Айбек 1/8 финалдық айқасын өткізсе, қалғандары 1/16 финалдық іріктеу сынағына қатысады. Жігіттер осы текетірестен өтсе, Сәкен 1/8 финалда Лопес де Хесус (Пуэрто-Рико) – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан), Махмұд болса, Небиль Ибрахим (Швеция)/Абусал (Палестина) – Абдумалик Халоков (Өзбекстан) жұптарының ұтқандарымен, Асланбек жапон Сэвон Оказавамен, ал Айбек болса, екі түпкілікті кубалық – Әзербайжан атынан түсетін Альфонсо Домингес пен өз елі атынан шығатын Ла Круз Парезаның бірімен ширек финалда айқасады.

Осы күні қыздарымыз арасынан 50 келіге дейінгі Назым Қызайбай бірінші болып шаршы алаңға көтеріліп, 1/16 финал шеңберінде итальян Джиордана Соррентиномен жұдырықтасады.

Ал 29 шілде, дүйсенбі күні аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев өзінің бірінші ұрысын испаниялық Гадфа Дриссимен өткізеді. Шайқасты бірден 1/8 финалдан бастайтын ол осы жолы ұтса, ширек финалда армян Давид Чалоян мен британиялық Делишес Оридің жеңіске жеткенімен ұстасады.

Қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақтағы Карина Ибрагимова 30 шілде, сейсенбі күні пуэрториколық Лозада Мотта Ашлейанмен – 1/16 финалдық, 31 шілде, сәрсенбі күні 75 келіге дейінгі салмақтағы Валентина Хальзова панамалық Атейна Билонмен 1/8 финалдық кездесулерін өткереді.

 

Боксшылар жекпе-жектерінің кестесі мынадай:

27 шілде, сенбі

15:30-17.55  Ерлер. 63,5 кг. 1/16 финал. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Қазақстан) – Ойер Ибаррече Конде (Испания)

20:00-22:25  Ерлер. 80 кг. 1/16 финал. Нұрбек Оралбай (Қазақстан) – Каллум Петерс (Аустралия)

28 шілде, жексенбі

11:00-13:25  Ерлер. 51 кг. 1/16 финал. Сәкен Бибосынов (Қазақстан) – Самет Гумуш (Түркия)

11:00-13:25  Ерлер. 57 кг. 1/16 финал. Махмұд Сабырхан (Қазақстан) – Хосе Бротонс Кильес (Испания)

15:30-17:40  Ерлер. 71 кг. 1/16 финал. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) – Зиад Ишайш (Иордания)

20:00-22:10  Ерлер. 92 кг. 1/8 финал. Айбек Оралбай (Қазақстан) – Олайтан Адам Олаор (Нигерия)

20:00-22:10  Әйелдер. 50 кг. 1/16 финал. Назым Қызайбай (Қазақстан) – Джиордана Соррентино (Италия)

29 шілде, дүйсенбі

11:00-13:10  Ерлер. 63,5 кг. 1/8 финал.

20:00-22:10  Ерлер. + 92 кг. 1/8 финал. Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) – Гадфа Дрисси (Испания)

30 шілде, сейсенбі

11:00-13:40  Ерлер. 51 кг. 1/8 финал.

15:30-18:10  Ерлер. 80 кг. 1/8 финал.

20:00-22:40  Әйелдер. 57 кг. 1/16 финал. Карина Ибрагимова (Қазақстан) – Лозада Мотта Ашлейан (Пуэрто-Рико)

31 шілде, сәрсенбі

11:00-13:25  Ерлер. 57 кг. 1/8 финал.

15:30-18:10  Ерлер. 71 кг. 1/8 финал.

20:00-22:25  Әйелдер. 75 кг. 1/8 финал. Валентина Хальзова (Қазақстан) – Атейна Билон (Панама)

1 тамыз, бейсенбі

11:00-13:25  Әйелдер. 50 кг. 1/8 финал.

15:30-18:10  Ерлер. 63,5 кг. Ширек финал.

20:00-22:25  Ерлер. 80 кг. Ширек финал.

2 тамыз, жұма

15:30-18:10  Әйелдер. 57 кг. 1/8 финал.

15:30-18:10  Ерлер. 51 кг. Ширек финал.

22:00-22:40  Ерлер. 80 кг. Ширек финал.

22:00-22:40  Ерлер. +92 кг. Ширек финал.

3 тамыз, сенбі

15:30-17:55  Ерлер. 57 кг. Ширек финал.

15:30-17:55  Ерлер. 71 кг. Ширек финал.

20:00-22:25  Ерлер. 71 кг. Ширек финал.

20:00-22:25  Әйелдер. 50 кг. Ширек финал.

4 тамыз, жексенбі

11:00-13:25  Әйелдер. 57 кг. Ширек финал.

11:00-13:25  Әйелдер. 75 кг. Ширек финал.

11:00-13:25  Ерлер. 51 кг. Жартылай финал.

15:30-17:55  Ерлер. 63,5 кг. Жартылай финал.

15:30-17:55  Ерлер. 80 кг. Жартылай финал.

15:30-17:55  Ерлер. 92 кг. Жартылай финал.

6 тамыз, сейсенбі

21:30-23:35  Ерлер. 71 кг. Жартылай финал.

21:30-23:35  Әйелдер. 50 кг. Жартылай финал.

7 тамыз, сәрсенбі

21:30-23:30  Әйелдер. 57 кг. Жартылай финал.

21:30-23:30  Ерлер. + 92 кг. Жартылай финал.

21:30-23:30  Ерлер. 63,5 кг. Финал.

21:30-23:30  Ерлер. 80 кг. Финал.

8 тамыз, бейсенбі

21:30-23:30  Ерлер. 57 кг. Жартылай финал.

21:30-23:30  Әйелдер. 75 кг. Жартылай финал.

21:30-23:30  Ерлер. 51 кг. Финал.

9 тамыз, жұма

21:30-23:30  Ерлер. 71 кг. Финал.

21:30-23:30  Әйелдер. 50 кг. Финал.

21:30-23:30  Ерлер. 92 кг. Финал.

10 тамыз, сенбі

21:30-23:30  Әйелдер. 57 кг. Финал.

21:30-23:30  Ерлер. 57 кг. Финал.

21:30-23:30  Әйелдер. 75 кг. Финал.

21:30-23:30  Ерлер. + 92 кг. Финал.

Таңбалар: боксҚазақстанолимпиадаПариж

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты
Әлеумет

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты

24.08.2026
Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды
Жаңалықтар

Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды

17.08.2026
Геннадий Головкин Украина үшін қауіпті кісілер қатарына енгізілді
Әлеумет

Геннадий Головкин Украина үшін қауіпті кісілер қатарына енгізілді

17.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist