Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Париж Олимпиялық ойындарына қай елден қанша спортшы қатысады?

ПАРИЖ. 25 шілде. Ертең салтанатты түрде ашылатын XXXIII жазғы Олимпиялық ойындарына ең көп спортшы қосатын алғашқы 30 ел белгілі болды. Бұл туралы olympteka.ru ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Еске сала кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Оған 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады. Төрт жылдықтың басты додасында Қазақстан құрамасы сапынан 80 спортшы ел намысын қорғайды.

Олимпиадаға қатыстыратын спортшыларының саны жөнінен АҚШ құрамасының алдына түсетін команда жоқ. Ол Ойындарға 592 атлет алып келді. Екінші орында 573 спортшысы бар алаң иелері – Франция құрамасы тұр. Үшінші орынға 460 спортшысы лицензия жеңіп алған Аустралия терме жамағаты шықты. Бұдан әрі «алғашқы ондықты» Германия, Жапония, Қытай, Испания, Италия, Ұлыбритания және Канада толықтырады.

Ал посткеңестік елдер ортасында 140 квота жеңіп алған Украина құрамасы жеке-дара оқ бойы алда топ бастап келеді. Екінші орынға 86 спортшысымен Өзбекстан жайғасты. Ал 80 спортшы апаратын Қазақстан үшінші орынға орналасты.

*Ойындарға Ресей мен Беларусь спортшылары ресми жағдайда жіберілген жоқ. Олардың қатысуға рұқсат етілген атлеттерінің өзі бейтарап ту астында сайысқа түседі.

«Алғашқы отыздықтың» сапы

Елдер  Лицензия
1 АҚШ  592
2 Франция  573
3 Аустралия  460
4 Германия  427
5 Жапония  404
6 Қытай  388
7 Испания  382
8 Италия  360
9 Ұлыбритания  327
10 Канада  316
11-12 Бразилия  276
11-12 Нидерланд  276
13 Польша  213
14 Мажарстан (Венгрия)  170
15 Бельгия  165
16 Оңтүстік Африка республикасы  149
17 Мысыр (Египет)  147
18 Корея  144
19 Украина  140
20 Аргентина  136
21 Ирландия  133
22 Швейцария  127
23 Дания  124
24 Швеция  117
25-26 Чехия  113
25-26 Үндістан  113
27 Сербия  112
28 Румыния  107
29 Түркия  102
30 Грекия  101

Посткеңестік республикалар сапы

Елдер Лицензия
1 Украина  140
2 Өзбекстан  86
3 Қазақстан  80
4 Литва  50
5 Әзербайжан  47
6 Латвия  29
7 Сакартвело (Грузия)  28
8 Молдова  26
9 Эстония  24
10 Беларусь  17
11 Қырғызстан  16
12 Армения  15
13 Ресей  15
14 Тәжікстан  14
15 Түрікменстан   6

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button