Мемлекеттік дума приставтарға ресейліктерді ата беруге рұқсат етті
МӘСКЕУ. 25 шілде. РФ мемлекеттік думасы азаматтардың өкілеттіктерін атқаруға мәжбүр ететін органдар қызметкерлеріне кей жағдайларға оқ атуға дейін баруға құқық берді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мемлекеттік дума сейсенбі күні өкілеттіктерін мәжбүрлеп атқартатын органдар қызметкерлеріне кей жағдайларда дене күшін, арнайы қару-жарақтар мен отты қарулар қолдануға қатысты барлық құқықтарды беру жөніндегі заң жобасын екінші және үшінші оқылымнан кейін қабылдады. «РФ мәжбүрлеп атқару органдары туралы» заңға қосымшалар биылғы сәуір айында мемлекеттік думаға енгізілген еді.
Енді приставтар судьяға, сот процесіне қатысушыларға күш көрсету, денсаулықтарына залал келтіру мақсаттарында шабуыл жасалған жағдайда оларды, сондай-ақ мәжбүрлеп атқару органдарының қызметкерлерін қорғау үшін қару қолдана алады.