Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Ауғанстан билігі Кабулды тәліптерге ұрыссыз беріп отыр
КАБУЛ. 15 тамыз. Ауғанстан билігі елдің астанасы – Кабул қаласын «Талибан» қозғалысының содырларына ұрыссыз беруге шешім қабылдады. Бұл туралы «Вести.ru» хабарлады.
Елдегі билік тәліптерге бейбіт жолмен өткізіледі. Осылайша Кабулге шабуыл жасалмайды.
Сонымен бір мезгілде тәліптердің өздері ешкімнен кек қайтару жоспарларында жоқ екенін, олардың қауіпсіздікте болатындарын айтып, шенеуніктерді елден кетіп қалмауға, мұның орнына жаңа билікпен жұмыс істесуге шақырды.
Мұның алдында тәліптердің Кабулге шабуылды бастап, университетті басып алғандары хабарланған еді.