Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық
Қазақстанда радикалды ағымның 4 мүшесі қамауға алынды
АСТАНА. 16 тамыз. Еліміздің бірнеше қаласында радикалды ағымды уағыздаушылар ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.
«Үстіміздегі жылғы 13 тамызда ҰҚК жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігімен Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының 4 тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынды», – делінген Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған адамдар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері болып табылады.
Бұдан басқа мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмей отыр.