26 Тамыз, 10:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін атады

23 Шілде 2024 21:55
- Жаңалықтар, Тіршілік
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін атады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 23 шілде. Белгілі журналист Қымбат Досжан бельгиялық қазақ баласы Жәнібектің туған анасын табуда тағы бір шешуші қадам жасалғанын танытты. Бұл туралы Aikyn.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ол өзі осы мәселе көтерілгелі бері айналысып жүрген шаруасы бойынша тағы бір түйткілдің шешілгенін аңғартып, Жәнібекті өмірге келтірген ананың болжамды аты-жөнін жариялады.

Журналистің пайымынша, бельгиялық әйел асырап алған қазақ баласы Жәнібектің ауысып кетуі мүмкін. Мұны ол әлеуметтік желідегі парақшасында атап өтті.

Қымбат осы шаруа барысында Арқалық қалалық полиция басқармасы мен «Бармысың, бауырым?» хабары редакциясының Арқалық пен Атбасар қалалары халқынынан Батталова Жанна Бекеновна есімді тұрғынды тауып беруге көмектесуді сұрағандарын баяндады.

Осыған орай ол Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматтың архивтен табылған қолхатын көрсетті.

«Архивтік құжаттарға сүйенсек, Жанна Батталова 2002 жылғы 12 қаңтар күні таңғы 9 сағ. 10 минутта Арқалық перзентханасында салмағы 2750 гр. бойы 53 см. ұл баланы дүниеге әкелген. Жанна Батталованың жасы 19-да болған, демек, ол 1983 жылғы болуы мүмкін. Туған жері – Атбасар, мекенжайы: Победа көшесі 8-2. Жанна Батталова Арқалық кооперативтік техникумында немесе педагогикалық училищесінде 2001-2002 жылдары оқыған болуы мүмкін. Жанна Батталованың ерекше белгісі – бір көзі қыли (сходящее косоглазие) деп жазылған. Жанна Батталова өмірге әкелген нәресте – Даниярды 2006 жылы америкалық отбасы асырап алған. Жанна Батталованың Арқалық перзентханасында сол уақытта бас дәрігер лауазымын атқарған Молдашева Умит Мукановнаның атына жазған қолхатын да жариялап отырмыз. Егер бұл қолхат Жанна Батталованың өз қолымен жазылса, жазуы маржандай, сабақ үлгерімі жақсы, сауатты студент (оқушы) болған сияқты», – деп атап көрсетті Қымбат Досжан.

Бұдан әрі ол: «Негізгі сұрақ: Біз неге Жанна Батталованы іздеп отырмыз? Жауабы: Табылған мәліметтер арасында Даниярдың фотосы бар. Естеріңізге салсақ, Жәнібектің құжатында анасы деп жазылған «Жазира» былтыр желтоқсанда табылды. Ол әйел 2002 жылдың қаңтарында перзентханаға құжатсыз, «жедел жәрдеммен» барып, босанып, баланың есімін «Жәнібек» деп қойып, 4 күннен кейін дәрігерлерге аты-жөнін өтірік айтып, қолхат жазып, перзентханадан кетіп, сол күйі оралмаған, оны өзі мойындап отыр. Бірақ Жәнібек пен «Жазираның» ДНҚ анализ нәтижесі 0% болып шықты. Даниярдың фотосынан байқағанымыз: бала «Жазираға» ұқсайды. Қазіргі күдік: «Жазира» мен Жаннаның ұлдары ауысып кетуі мүмкін. Өйткені, тергеушілердің зерттеу нәтижесі бойынша: Данияр мен Жәнібектің арасы – 5 күн. Екі балаға да бір күнде туу туралы куәлік алынып, екеуі де бір күнде балалар үйіне өткізілген», – деп жазады.

Негізі, түйіннің бәрі осында сияқты. Осы түйін тарқатылса, мәселе де толық шешілуі керек.

Осының алдында ғана Жәнібекті асырап алған бельгиялық Валеридің қайтыс болғаны жария етілген болатын.

Таңбалар: анаЖәнібекҚымбат Досжан

Ұқсас мақалалар

Шымкентте анасын ұрған полиция подполковнигі қызметінен қуылды
Жаңалықтар

Шымкентте анасын ұрған полиция подполковнигі қызметінен қуылды

23.07.2024
Асыраған анасы үшін қайғырған Жәнібектің жазбасы жұртты тебірентті
Жаңалықтар

Асыраған анасы үшін қайғырған Жәнібектің жазбасы жұртты тебірентті

20.07.2024
Бельгиялық Жәнібекті туған әйел мектепте мұғалім болып істейді екен
Әлеумет

Бельгиялық Жәнібекті туған әйел мектепте мұғалім болып істейді екен

12.07.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist