25 Тамыз, 21:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мас болып, көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы қызметінен босатылды

25 Шілде 2024 17:37
- Әлеумет, Жаңалықтар
Мас болып, көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы қызметінен босатылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 25 шілде. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мас күйінде көлік жүргізіп, 15 күнге қамалған Қостанай облысының бас имамын қызметінен алды. Бұл туралы Aikyn.kz дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мас күйінде көлік жүргізі, қамауға алынған Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Тәжімбетке қатысты мәлімдеме жасады», – делінген ресурс хабарламасында.

«Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бақытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды», – деді ҚМДБ баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Тәжімбет 23 шілде күні Ақмола облысының Бурабай кентінде мас күйінде Toyota Highlander автокөлігіне отырып, жол ережесін бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Бірақ ол сот отырысында өз кінәсін мойындамай, алкогольдік ішімдік емес, қымыз ішкенін айтқан. Дегенмен сот отырысында зерттелген бейнежазба бойынша дәрігер қойған сұраққа «сыра іштім» деп жауап берген.

Айта кетейік, Бақытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет 1983 жылы 17 мамырда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында туған. Аудандағы № 125 С. Сапарбеков атындағы қазақ орта мектебінде, Түркістан қаласындағы Хасан Оралтай атындағы медреседе, Шымкент қаласындағы «Қамар» медресесінде, Алматы қаласындағы «Таугүл» медресесінде тәлім алған. 2005-2006 жылдары Ыстамбұл қаласындағы «Ыстамбұл муфтиятында» оқыған.

2015 жылдың қараша айының 12-нен Қостанай облысы бойынша өкіл имам және облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы болып тағайындалған.

Отбасында екі бала тәрбиелеп, өсіріп отыр.

Тағы бір тоқтала кететін жайт, қостанайлық журналистер бас имамның адам ретінде жақсы тұлға екенін, оның биылғы су тасқыны кезінде зардап шеккендерге көп көмек көрсеткеннін айтып жатыр.

Таңбалар: Бақытбек Тәжімбетбас имамҚостанай облысы

Ұқсас мақалалар

Қостанайдың бас имамы мас болып көлік жүргізіп, 15 тәулікке қамалды
Жаңалықтар

Қостанайдың бас имамы мас болып көлік жүргізіп, 15 тәулікке қамалды

25.07.2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы жағдаймен танысты
Аймақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы жағдаймен танысты

16.04.2024
Қостанайлықтар сағат белдеуін табиғи уақытқа келтіруді талап етуде
Аймақ

Қостанайлықтар сағат белдеуін табиғи уақытқа келтіруді талап етуде

04.12.2022

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist