Париж-2024: Боксшылардың жарыс кестесі жарияланды
ПАРИЖ. 23 шілде. Француз астанасында өтетін XXXIII жазғы Олимпиялық ойындардағы боксшылар турнирінің кестесі белгілі болды. Бұл туралы 1bol.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Желілік басылым Қазақстан құрамасы сапынан рингке бірінші болып 63,5 келіге дейінгі салмақтағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (суретте) шығатынын атап өтті. Сөйтіп, құрама сапында Парижге берілетін лицензияны ең соңынан жетінші болып жеңіп алған саңлағымыз Олимпиада рингінде команда мүшелері арасынан бірінші болып бағын сынайтын болып тұр.
XXXIII жазғы Олимпиада 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
21 шілде күні Қазақстанның боксшылар құрамасы Алматыдан Парижге Ыстанбұл арқылы ұшып шықты.
Еліміздің ерлер құрамасы Ойындарға толық құраммен қатысады. Ал әйелдер құрамасы 3 салмақта сынға түседі.
2024 жылғы Олимпиялық ойындарда бокстан алдын ала жарыс кестесі:
27 шілде
1/16 финал
63,5 келі (ерлер) – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы.
28 шілде
1/16 финал
57 келі (ерлер) – Махмұд Сабырхан;
71 келі (ерлер) – Асланбек Шымбергенов;
50 келі (әйелдер) – Назым Қызайбай;
92 келі (ерлер) – Айбек Оралбай.
29 шілде
1/8 финал
63,5 келі (ерлер) – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (өтсе);
+92 келі (ерлер) – Қамшыбек Қоңқабаев.
30 шілде
1/16 финал
57 келі (әйелдер) – Карина Ибрагимова.
1/8 финал
51 келі (ерлер) – Сәкен Бибосынов;
80 келі (ерлер) – Нұрбек Оралбай.
31 шілде
1/8 финал
57 келі (ерлер) – Махмұд Сабырхан (өтсе);
71 келі (ерлер) – Асланбек Шымбергенов (өтсе);
75 келі (әйелдер) – Валентина Хальзова.
1 тамыз
1/8 финал
50 келі (әйелдер) – Назым Қызайбай (өтсе).
Содан кейін ширек финалға кезек келеді.