Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Ұшақ ішінде төбелескен мас орыстар Дубай аэропортында қамауға алынды

ДУБАЙ. 15 наурыз. Бір-бірлерімен ұшақ салонында төбелескен ресейлік екі мас жолаушы Дубайға жеткен жерінде полицейлердің қолына тапсырылды. Бұл туралы ren.tv дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресейдің Екатеринбург қаласынан Дубайға қарай ұшып шыққан  әуе лайнерінің ішінде көп ұзамай қан жоса төбелес басталып кетті.

Бұған бортқа «тойып» алып мінген екеудің арасындағы сөз қақтығысының арты шартпа-шұрт төбелеске ұласып кетуі нақты себеп болды. Жанжал барысында бұлардың біреуіне – әйелі, екіншісіне інісі көмекке калген. Сөйтіп, төртеуі салонның ішін әпсәтте азан-қазан қылған. Осында отырғандар үшін, әсіресе, балаларға мына жабайы көрініс естен тандырарлықтай әсер қалдырды.

Қызулары қайтпай, сыртқа дейін екпіні соғып тұрған бұзақыларды ажырату да оңайға түспеген екен.

Қорытындыда – төбелесқорлардың беттері көгеріп, терілері сүрілді, ал өздерін Дубай аэропортында полицейлер жасағы күтіп алды.

«Буырқанған бұзақылар» траппен төмен түсіп бара жатып та бір-бірлеріне тұра ұмтылумен болды.

Дубай полицейлері олардың беттеріне қарап тұра берген жоқ, жерге жеткен бойда бірден қолдарын артқа қайырып, арнайы көлікке салып әкетті. Енді сот арқылы тиісті айыппұлдарын төлеткізгесін өздерін кері – Ресейге қарай ұшырып қайтарып жібереді.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button