НАТО Ресейдің сүңгуір қайықтарын қарауылға ала бастады
БРЮССЕЛЬ. 7 мамыр. Солтүстік альянс Ресейдің ашық теңіздердегі сүңгуір қайқтарының бәрін жіті бақылауда ұстап, оның әр басқан қадамын қарауылға алуға шешім қабылдады. Бұл туралы The Noscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресей әскери-теңіз флоты армия ретінде өзінің кең ауқымды соғысқа дайын емес екенін көрсетті. Кем дегенде, оның судағы бөлігі мүлде қауқарсыз болып шықты. Міне, енді РФ флоты Батыстың сүңгуір қайықтарымен текетірестен айтарлықтай қорқып, зор қауіп қыла бастады. Қазір НАТО елдері өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиынында сүңгуір қайқтарды ізбе-із бақылауға алу, соның ішінде олардың кабельдер мен газ құбырлары секілді су асты нысандарына жасалуы ықтимал шабуылдарының жолын кесу шаралары пысықталып жатыр.
Ұзын саны 12 күндік жаттығудың көп бөлігі дұшпанның сүңгуір қайықтарын бақылауда ұстап, ұдайы қарауылға алып отыруға арналды.
Оқу-жаттығу жиынына НАТО-ның 12 мемлекеті қатысты. «Олар Норвегия мен Исландияның жағалауларында ойдан шығарылған дұшпан сүңгуірлерінің ізін бағудың жаттығуларын пысықтады», – деп жазды Bloomberg.
Тап осы аудандарда Ресейдің сүңгуір қайықтары коммерциялық кеме қатынасы тәртібіне нұқсан келтіруі немесе әскери маршруттарды жолын кесіп тастауы мүмкін. Бұдан бөлек, соққыларды электр қуатын беріп тұрған су асты кабельдері мен газ құбырларына жасауы ықтимал.
Ресейдің ендігі жерле «су асты кабельдерін нысанаға алуы мүмкін» екенін осы аптада НАТО бас хатшысының барлау және қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Дэвид Каттлер мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей кемелері Еуропа мен Солтүстік Американың су асты нысандарына ұдайы соққы беріп тұру үшін блок елдерінің құрғақтағы және су астындағы аса маңызды инфрақұрылымдарының картасын жасап алған.