25 Тамыз, 02:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Медведев Ресейдің ядролық соғысты өзі бастағысы келмейтінін мәлімдеді

23 Қараша 2024 16:15
- Жаңалықтар, Тіршілік
Медведев Ресейдің ядролық соғысты өзі бастағысы келмейтінін мәлімдеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 23 қараша. Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев енді ядролық соғысты өздері бастамайтындарын айтып, ант-су ішті. Бұл туралы The Mosvow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бұған дейін Батысты бірнеше рет ядролық қарумен қорқытқан «Димон» аяқ астынан, тіпті күтпеген жерден риторикасын өзгертіп шыға келді. Ол Al Arabiya телеарнасына берген сұхбатында Ресейдің ядролық соғысты бастағысы келмейтінін айтты.

«Біз мұндай жағдайдың болғанын жек көреміз. Ресей басшылығында ондай есерсоқ жоқ», – деп сендірді ол.

Медведев Мәскеудің ядролық қаруды қолдануды тек «соңғы шара» ретінде қарастыратынын атап өтіп, оны қолдану шегінің «пайда болған тәуекелдерді» ескере отырып қайта қаралғанын атап өтті. Ол бұған қоса НАТО-ның үстінен шағым айтты. Оның сөзінше, Солтүстік альянс қазір украин жанжалына «толық қатысып отыр». Соғыстың аяқталуы мүмкін, алайда альянс майдан даласындағы ұрыс қимылдарына от бүркуді қоятын емес, деп соқты сосын Путиннің оң қолы.

Ресейдің Украинаға кең ауқымды басып кіруі басталғалы бері Медведев Кремльдің Батысты ядролық соғыспен және «өркениеттің аяқталуымен» бірнеше рет қорқытатын агрессивті риторикасының негізгі ауыздарының біріне айналды. Ол ядролық соққы беретін болып қорқытқан елдер байтақтары арасында Уашингтон, Париж және Лондон болды және Медведев АҚШ Украинаның Ресей аумағындағы әскери нысандарға шабуыл жасау үшін америкалық ұзақ қашықтықты зымырандарын қолдануға рұқсат бергенннен кейін Үшінші дүниежүзілік соғыстың басталғанын да жариялап үлгерген.

Алайда Ресейден тыс жерде оның мәлімдемелері әрдайым әжуамен қабылданып тұрды. Мысалы, Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі өкілі Питер Стано бұған дейін Медведевтің психикалық проблемалары бар екенін айта келіп, оның өз мәлімдемелерін өзіне назар аудару үшін жай ғана қолданып отырғанын болжаған болатын.

19 қарашада Владимир Путин Ресейдің жаңа ядролық доктрина бекітті. Осы құжатқа сәйкес, Мәскеу ұшқышсыз ұшақтардың, қанатты зымырандардың шабуылына жауап ретінде немесе өз территориясының бір бөлігін жоғалту қаупі төнген кезде ядролық қаруды қолдану құқығын өзіне қалдырды.

Бұл өзгерістер Батыста өзіндік реакция тудырды. АҚШ стратегиялық қолбасшылығының контр-адмиралы Томас Бьюкенан Американың ядролық соғысқа дайын екенін жеткізді. Пентагонның ядролық саясат жөніндегі көмекшісінің орынбасары Ричард Джонсон АҚШ ядролық әлеуетін арттырып, жаңғыртуды жалғастыратынын алға тартты.

Франция сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Ресей доктринасына түсіндірме бере отырып, Париж Путиннің ядролық қауіп-қатерінен қорықпайтынын атап өтті. Ол Ресейдің мұндай бопсасына Батыстың қазірдің өзінде үйреніп қалғанын, Мәскеу екі жылдан астам уақыт бойы НАТО-ға қысым көрсетуге тырысып жатқанын баяндады.

Washington Post газеті қыркүйекте ресейлік шенеуніктерге сілтеме жасап жазғандай, Кремльдің өз ядролық қауіп-қатерлеріне әлемнің енді мән бермейтінін түсіне бастағанын жазды.

Таңбалар: Дмитрий МедведевРесейядролық соғыс

Ұқсас мақалалар

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды
Жаңалықтар

Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды

11.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist