Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Днепрді ракетамен атқылаған Капустин Ярға украин дрондары шабуыл жасады

КИЕВ. 22 қараша. Украинаның Днепр қаласына «Орешник» зымыранын атқылаған РФ-ның Капустин Яр полигонына ұшқышсыз ұшақтар тұтқиылдан келіп тиісті. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресей Федерациясы Днепр қаласын «Орешник» баллистикалық зымырандарымен атқылаған  Капустин Ярға ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасады. Олардың екеуі нысанаға жетті.

21 қараша күні таңертең бірнеше камикадзе ұшқышсыз ұшақ Ресей Федерациясының Астрахан облысындағы «Капустин Яр» стратегиялық әскери полигонына  соққы берді.

Ресейлік ASTRA ресурсы өз мәнбесіне сілтеме жасап, дрондар рейдтерінің нәтижелерін баяндады. «Кем дегенде, екі ұшқышсыз ұшақ атып түсірілген жоқ, олар өз нысандарына соққы жасалды», – деп жазды сайт.

Таблоидтың мәліметінше, нысана оқу полигонының 105-ші учаскесі болған. Оның шығын көлемі әлі анықталуда.

Айта кетейік, Астрахан облысының губернаторы 21 қарашада ұшқышсыз ұшақтар шабуылы туралы хабарлағанымен, нысанаға қатысты ештеңе айтқан жоқ. Оның сөзінше, барлық дрондар атып түсірілген, ал солтүстік облыстардың тұрғындары естіген жарылыстар әуе қорғанысы жұмысының нәтижесі болмақ.

«Тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ және азаматтық инфрақұрылым қираған жоқ», – деп жазды ресейлік шенеунік.

Еске сала кетейік, 20 қарашаға қараған түні Ресей құрлықаралық баллистикалық зымыранмен Днепр қаласына соққы жасады. Онда қаза тапқандар жоқ, 2 адам зардап шекті.

Ресей диктаторы Владимир Путин «Орешник» деп аталатын жаңа модельді мықты зымыран пайдаланылды деп мәлімдеді. Бірақ бұған күмән келтіріп отырғандар көп. Украина әскери барлауының дерегінше, ресейліктер Днепрге бұрыннан бар «Кедр» зымыран жүйесімен шабуыл жасаған.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button