Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Трамптың Сенаттағы жақтасы Путинмен келіссөздің мәні жоқ екенін айтты

УАШИНГТОН. 24 қараша.Трамптың Сенаттағы басты жақтаушысы Майк Раундс Ресей диктаторы Владимир Путинмен кездесудің ешқандай оң нәтиже бермейтінін мәлімдеді. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Сенатор Майк Раундс біз тіпті украин жерінің белгілі бір бөлігін бөліп берсек те, Путинді агрессиядан бас тартқыза алмаймыз, оны тоқтату қиын деген уәж айтты.

АҚШ-тың жақында сайланған президенті Дональд Трамптың басты жақтаушысы болып саналатын сенатор Ресей диктаторымен келіссөз жүргізіп, әуре болудың қажеті жоқ деп есептейді. Ол бұлайша жеңіл жолды іздеуді жөн көрмейді. Себебі, ондай жол жоқ.

Саясаткер Галифаксте өткен қауіпсіздік жөніндегі халықаралық форумда осындай мәлімдеме жасады.

«Мен қазір біз өзімізді өзіміз алдап жүрміз-ау деп күдіктенемін», – деді ол Ресей тиранымен келіссөз жүргізуге қатысты әңгімелер жөнінде ой толғағанда.

Саясаткер азат елдің территориясының белгілі бір бөлігі  өз бақылауына берілсе де, Путиннің тоқтай қоймайтынына сенімді екенін білдірді.

«Жаңадан сайланған Дональд Трамптың Сенаттағы басты одақтасы Кремльге ешқашан сенуге болмайтынын, оның бейбітшілік орнатуға бағытталған кез келген ұсынысты Батыстың әлсіздігінің белгісі ретінде қарастыратынын мәлімдеді», – деп жазды Politico басылымы.

Сенатор өз сөзінде «бұл тұйықтан шығудың жеңіл жолы бар» дегісі келетінін, бірақ ондайдың жоқ екенін атап өтті.

Раундс Уашингтонның мұндай мимырт меселді іздей бергенше, неге украин мемлекетіне Ресей агрессиясын кілт тоқтатуға көмектесетін қуатты да жеткілікті қару-жарақ беріп қоймайтынына қарны ашатынын жеткізді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button