Қырым ауқымды «бавовнаға» ұшырап, жарылыс астында қалды
МӘСКЕУ. 7 мамыр. Өткен түнде Қырым аумағындағы Севастополь, Саки (Сақтар), Евпатория қалаларында жарылыстар орын алды. Бұл туралы ресейлік ресурстарға арқа сүйеген rast.kz хабарлайды.
Түнде Ресей армиясы басып алған Қырымның батысында, оңтүстігі мен солтүстігінде күшті жарылыстардың даусы естілді.
«Оккупацияланған Қырымда 7 мамыр күні түнде қатты жарылыс болды. Жарылыстар жөніндегі ақпар түбектің батыс, оңтүстік және солтүстік бөліктеріндегі бірқатар қалалалар мен селолардан келді. Оккупациялық «билік» дрондардың жаппай шабуылдағандарына сенімді». – деп жазады «Диалог.UA».
Жарылыстар сағат таңғы 4-тен кейін батыс жағалаудағы Евпатория, Саки, Новофедоровка аудандарынан естіле бастаған. Көп ұзамай Севастопольден, соның ішінде Казак мойнағы жақтан жарылыс даусы келген. Соңында «бавовна» үні Украинаның құрлықтағы бөлігіндегі Красноперекопск жақтан шыққан.
Севастопольдің оккупанттар тағайындаған «губернаторы» Михаил Развозжаев түбекке Украина ұшқышсыз ұшақтары шабуыл жасады деп мәлімдеген. Ол түнде Қырым мен Севастопольге 10-нан астам дронның ұшын келгенін айтты.
Украина тарапы әзірге бұл оқиғаға байланысты ешқандай түсіндірме берген жоқ.