Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

РФ соғыс аша қалса, Германия Шығысқа 800 мың солдат жеткізе алады

БЕРЛИН. 14 шілде. Германия Ресей соғыс аша қалған жағдайда Шығыс Еуропаға НАТО-ның 800 мың солдатын жедел жеткізу жоспарын жасады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Spiegel журналының жазуынша, Бундесвер Ресей соғыс аша қалған жағдайда Германиядан НАТО-ның 800 мың әскери қызметкері мен 200 мың техника бірлігін альянстың шығыс майдандағы шебіне шұғыл жеткізуді қарастыратын іс-қимыл жоспарын дайындаған.

Сценарийге сәйкес, бұл күштер жағдай ушыға бастағаннан кейінгі үш-алты ай көлемінде Нидерланд, Бельгия және Германия жерлеріндегі Солтүстік теңіз порттарынан шығыс шекараларға жеткізілуі тиіс. Мұнда жабдықпен қамтамасыз етудегі шешуші күретамыр рөлін Оберхаузеннен Солтүстік Рейн – Вестфалия федералды жерлерінен Берлин шеңбер автожолына дейін баратын А2 автомагистралі атқарады.

Қазір көлік маршруттары да анықталып жатыр, сондай-ақ балама жолдар да қарастырылу үстінде. Келешекте олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі де талқыланатын болады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button