Трамп Еуропа лидерлерімен сөзінде Украинаға қатысты оң сипат берді
УАШИНГТОН. 22 қараша. АҚШ-тың жақында сайланған президенті Дональл Трамп Еуропа басшыларымен сөйлесуі кезінде Украинаға бүйрегі бұратынын байқатты. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rasr.kz хабарлайды.
Қаңтардың 20-сында инаугурациясы өткелі тұрған Дональд Трамп Еупопа елдерінің бірінші басшыларымен телефон арқылы сөйлескен бірінші сөзін күткендегіден де жылы рәуішті болды. Ақ үйдің жаңа қожайыны соның ішінде Украинаға қатысты да оң баға білдірді.
Колумнист Дэвид Игнатиус өзінің WP газетінде жарияланған материалында айтылатын неміс шенеунігінің сөздеріне сілтеме жасай отырып, АҚШ-тың жаңа сайланған президентінің Украинаға қатысты ешқандай талап қойып отырмағанын баяндады.
«Еуропа лидерлері Трамп 5 қарашада сайлауда жеңіске жеткен сәттен бері онымен байланыс орнатып алды. Жаңа сайланған президент Украинаға қатысты сұрақ қоятын кіммен тоқайласып қалса да, оның алдына ешқандай талап қоймайды», – делінген мақалада.
Атап айтқанда, Трамп алман үкіметінің басшысы Олаф Шольцпен әңгімесі барысында украин лидері Володимир Зеленьский ұсынып отырған жеңіс жоспарына қатысты ойын сұрады, бұған қоса, канцлердің Ресей диктаторы Владимир Путин жөніндегі пікірін де білгісі келді.
Сол сияқты АҚШ-тың болашақ президентінің Франция, Польша, Дания, Чехия және басқа елдер лидерлерімен сөздері де достық пейілде өткені анықталды.
Бірнеше ресми тұлға Трамппен келіссөз жүргізуде Еуропаның басты өкілі Солтүстік альянстың бас хатшысы Марк Рютте болатын шығар деп отыр. Енді олар жақын арада Флоридада кездесіп қалатын түрі бар. Онда Ресей мен Украина арасындағы соғыстың жайы алғашқылардың қатарында талқыланатыны анық.