Солтүстік Корея солдаттары РФ жағында соғысу үшін Украинаға жеткізілді
МӘСКЕУ. 24 қараша. Солтүстік Кореяның әскери техникалық кеңесшілері Украинамен соғыста Ресейге көмектесу үшін Украинаның оңтүстігіне келді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
КХДР әскерилерінің бір тобы Ресей басып алған Мариуполь қаласына, екінші тобы Харьков облысының шығыс жағына барып табан тіреген.
CNN телеарнасы украин қауіпсіздік қызметінің дерегіне сілтеме жасай отырып, коммунист корейлердің Мариупольға келгендегі мақсаты белгісіз екенін жазады. Олар түгел Ресей армиясының киімдерін киіп алған. Бірақ бұлардың алдыңғылары РФ жауынгерлерінен бөлек жерге орналасқан.
Әдетте Ресей армиясы құрамына келген шетелдіктер орыстардың жергілікті бөлімшелерінің сарбаздарымен бір сапқа тұрушы еді, ал солтүстіктің корейлері олардан өздерін жырақ ұстайды – пәтерлері де, тамақтары да, тіпті көретін фильмдері де бөлек.
Биылғы қазан айында Украина президенті Володимир Зеленьский Пхеньянның Мәскеуге көмек беру үшін өз солдаттарын Ресейге аттандырғанын мәдімдеген болатын. Кейінірек бұл хабарды Оңтүстік Корея мен Пентагонның барлау қызметі растады. Киевтің мәліметі бойынша, КХДР РФ-ға 12 мың адамнан тұратын армиясын жіберген. Сонымен қатар Сеул барлауы әрбір солдат үшін Мәскеудің Пхеньянға $2 мың төлегенін хабарлады. Бұл – КХДР-дың қарапайым азаматының 83 жылдық жалақысының эквивалентіне тең.
Қыркүйек айында АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Ресейге жіберілген Солтүстік Корея солдаттарының басым бөлігі Курск облысындағы ұрыс қимылдарына қатысып жатқандарын мәлімдеді.