Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Чехия Ресейдің 18 елшісін ел аумағынан қуып шықты

ПРАГА. 19 сәуір. Чехия 2014 жылы елдегі қару-жарақ қоймасында орын алған жарылысқа Кремльдің арнайы қызмет органдары қызметкерлерінің қатысы бар деген күдікпен Ресейдің 18 елшісін қайтарып жіберді. Бұл туралы ВВС Russian хабарлады.

Чехия полициясы «ауыр қылмысқа байланысты жағдайларды» зерттеудің желісінде ресейліктер Александр Петров пен Руслан Бошировқа іздеу жариялады.

Ресейдің 18 дипломатының елден шығарылатынын премьер-министр Андрей Бабиш пен сыртқы істер министрі Ян Гамачек сенбі күні берген шұғыл баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді. Бұлардың соңғысы ішкі істер министрі деген лауазымды да қоса атқарады.

Гамачек елден шығарылғалы жатқан елшілердің Ресейдің ГРУ және СВР деген арнайы барлау қызметімен байланыста деп есептейді. Ішкі және сыртқы істер министрдің айтуынша, олар мұндағы жұмыстары барысында «құпия қызмет органдарымен мұқият жымдасып» кеткен.

Бабиштің айтуынша, ресейлік елшілерген Злин қаласы ауданына орналасқан Врбетице деревнясындағы қару-жарақ қоймасының жарылысына қатысты деген күдік таңу негізсіз емес. 2014 жылы орын алған жарылыс 2 адамның өмірін жұлып кеткен.

Елшілер 48 сағаттың ішінде Чехиядан кетулері керек. Гамачек оларды қуып шығудың Прага мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынасқа айтарлықтай залал келтіретінін мойындады. «Бірақ біз мына жағдайға бейтарап қарап отыра алмаймыз», – деді ол.

Өз кезегінде Ресей сыртқы істер министрлігінің арнайы өкілі Мария Захарова Мәскеудің чех билігі әрекетіне тиісті жауап беретінін жеткізді.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button