Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Трамп АҚШ Мемлекеттік хатшылығына Ресейді ұнатпайтын адамды таңдады

УАШИНГТОН. 14 қараша. АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Мемлекеттік хатшы лауазымына Ресейді SWIFT-тен ажыратуды талап еткен сенаторды ұсынып отыр. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Флорида штатының сенаторы Марко Рубионы екінші президенттік мерзімінде Мемлекеттік департамент басшылығына ұсыну ниеті барын мәлімдеді. Мұны Трамптың ауыспалы тобы таратты.

«Марко халқымыздың мықты қорғаушысы, серіктестеріміздің адал одақтасы және қарсыластарымызға ешқашан көнбейтін батыл жауынгер болады», – делінген хабарламада.

Марко Рубионың өзі көрсетілген сенім үшін ризашылығын білдіріп, тағайындалатынын растады. «АҚШ Мемлекеттік департаментін басқару – үлкен жауапкершілік», – деп жазды сенатор Х әлеуметтік желіде. Ол Трамптың сыртқы саясатын жүзеге асыру үшін «күн сайын жұмыс істейтініне» және сайланған президент әкімшілігі үшін «Америка мен америкалықтардың мүддесі бәрінен де жоғары» болатынына сендірді.

Марко Рубио 2014 және 2022 жылдары Ресейді SWIFT жүйесінен ажыратуды талап еткен сенаторлардың қатарында болды. Ол сондай-ақ Владимир Путинді «баскесер» және «қарақшы» деп атады. Сонымен бірге, Рубио биылғы сәуірде Киевке қабылданған 61 миллиард долларлық әскери көмек пакетіне қарсы дауыс берген 15 республикашылдың бірі болды. Қыркүйек айында Украинадағы соғыстың барысы туралы түсініктеме бере отырып, ол Ресейді қолдамайтынын, бірақ соғыс келіссөздермен аяқталады деп болжайтынын атап өтті.

Рубио сонымен бірге биылғы сәуір айында Киевке $61 миллиард сомасы көлемінде әскери көмек пакетін беруге қарсы дауыс берген 15 республикашының қатарында болды. Ол қыркүйекте Украинадағы соғысқа түсіндірме бере отырып, мұнда өзінің Ресейді қолдамайтынын, ал ұрыс қимылдарының келіссөз арқылы тоқталатынына болжам жасады.

Сенатор Трамптың сыртқы саясаттағы «Ең алдымен – Америка» деген ұстанымын жөн санайды. Осы ретте АҚШ-тың Қытай, Иран және Ресей сынды қарсыластарына қатысты ымыраға көнбес «қаршыға» принципін ұстанады. Рубио сондай-ақ Республикашылар партиясының Құрама Штаттарды НАТО-дан шығару мәселесін көтеріп жүрген оқшауланған қанатының позициясын қолдамайды.

Бұдан бұрын Politico өз мәнбесіне сілтеме жасай отырып, Трамптың мемлекеттік хатшы лауазымына Марко Рубитоның кандидатурасын қарастырып отырғанын баяндаған болатын.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button