Гүлнар Каримованың тәркіленген үйі журналистерге көрсетілді
ТАШКЕНТ. 19 сәуір. Өзбекстанның бұрынғы президентінің үлкен қызы Гүлнар Каримованың «Сиджактағы» демалыс үйі журналистерге көрсетілді. Бұл туралы kun.uz хабарлады.
Аталмыш демалыс үйі Гүлнар Каримованың бірнеше қылмыстық оқиғалары арқылы мемлекетке келтірген залалдарының орнын толтыру мақсатында тәркілеуге алынып, сатылуға қойылған болатын. Республика бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тау басына орналасқан сән-салтанаты келісті осы демалыс орталығын көруге шақырылды.
Демалыс үйі Ташкент облысы Бостандық ауданының (1956 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының территориясы болып келген) жеріне, теңіз деңгейінен 959 метр биктікке, Піскем өзенінің оң жағалауындағы алқапқа орналасқан. Оның жалпы ауданы 5,4 метрді құрайды. Ғимараттар мен құрылыстар 5 016,1 шаршы метр аумақты алады.
Кешеннің территориясында мейманханалар, коттедждер, ашық және жабық су бассейндері, теннис корты, спорт залдары мен басқа да биналар, яғни құрылыстас бар.
Гүлнар Каримовның меншігіндегі «Сиджак» демалыс үйі 2017 жылы ақпанда сот ұйғарымымен тәркіленіп алынды. Кейін орталық уақытша пайдалану үшін Триатлон федерациясына берілді.
Өзбекстан президентінің 2021 жылғы 11 ақпандағы «Мемлекеттік активтерді жекешелендіруді тиімді етудің одан арғы шаралары туралы» жарлығының негізінде «Белдерсай» демалыс үйі мен басқа да нысандар инвесторларға дайын бизнес пішінінде берілмекші.