Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Түркия: «Соғыс Украинаға өз жерлерін қайтарумен аяқталуы тиіс»

АНКАРА. 3 қараша. Ресми Түркия Ресейге ащы шындықты айтып, соғыстың Украинаға жаулап алған жерлерін қайтарып беруі арқылы аяқталуы керек екенін алға тартты. Бұл туралы Hürriyet газетіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Hürriyet басылымына берген сұхбатында Киев пен Мәскеу арасындағы бейбіт келісім Украинаның аумақтық тұтастығына негізделгенін мәлімдеді. Ол бұл соғыста Ресей Федерациясының да, Украинаның да ресурстары айтарлықтай таусылғанын баяндады. Сол себепті қазіргі жағдай келесі жылы бітімгершілік келісімге келуге алғышарттар жасап отырғанын ишаралады.

Фидан екі жақтың соғыстағы әлсіздігі 2025 жылы «күтпеген дамуға әкелуі мүмкін» деді. Бірақ сөзін тарқатып айтпады. Дегенмен, министр бітімгершілік келісімге қол жеткізуді меңзеген секілді.

Сыртқы істер министрі Түркияның екі елмен де «ерекше қарым-қатынастары» бар болғандықтан, бұл қақтығыста бейтараптықты сақтауға ниетті екенін атап өтті. Сонымен бірге ол бұл соғысты әділетті түрде тоқтатуға шақырды, оның барысында Украина Ресей басып алған барлық аумақтарды өз бақылауына қайтарып алады.

«Екі тарапты да мұқият тыңдаймыз. Дегенмен, ащы шындықты айту – достың парызы. Біз осылай істейміз… Соғыстың әділ шешімі Украинаның аумақтық тұтастығы аясынан шығуы керек», – Фидан.

Іс жүзінде бұл ресми түрде оның территориясы саналатын Қырым, Донбасс, Херсон және Запорожье облыстарын Украинаға қайтаруға шақыру болып табылады, мұны халықаралық қауымдастық та растап отыр.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button