26 Тамыз, 14:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Н.Нәлібаев: «Қайсар» 5 миллиард теңге алып, чемпион болмай-ақ қойсын

21 Қараша 2024 21:28
- Жаңалықтар, Сайыс
Н.Нәлібаев: «Қайсар» 5 миллиард теңге алып, чемпион болмай-ақ қойсын
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 21 қараша. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жергілікті «Қайсар» футбол командасы бюджеттің 5 млрд теңгесін шашып, чемпион болмай-ақ қойғаны жөн екенін айтты. Бұл туралы Vesti.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Аймақ басшысы Премьер-лигада ойнайтын «Қайсар» клубына бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінетінін жеткізді.

«5 миллиард теңге бөлгенше, чемпион болмай-ақ қойсын», – деді ол.

Әкім сонымен бірге «Қайсар» футбол клубының қарызы туралы да сөз қозғады. Оның айтуынша, команда басшылығы ойыншылардың жалақысын жарытып төлей алмай отыр. Ұжымда соңғы үш айдан бері айлық алмаған футболшылар көп. Оның үстіне, клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді.

Сөз сыңайында Нұрлыбек Нәлібаев «Қайсардың» әкімдіктен алатын бюджеті жақын уақытта өспейтінін айтты.

«Сырттан келген ойыншыларға босқа ақша төлегеннен гөрі тұрғындар пайдалы маңызды жобаларды қолға алғанымыз жөн. Маған да клубтың басшысы келіп, «қаражатты көбейтсек, бұдан да жақсы нәтиже көрсетеміз, бірінші орын аламыз» деді. «Бюджеттен 5 миллиард теңге бөліп, бірінші болмай-ақ қойдық» дедім оған. «Қайсар» – бюджеттен ең аз қаражат қарастырылған команда, оны мойындаймын. Бюджет жағынан ең төменгі орындарда тұрғанымыз анық. Бірақ сол ақшаны ауылдарда спортты дамытуға бөлгеніміз дұрыс. 80 спорт алаңы салынды. Стадион салынып жатыр. Спорт кешендері салынып жатыр. Біздің мақсат – қалаға көрік беретін ғимараттар емес, қаракөздерімізді тәрбиелейтін, пайдасы тиетін нысандар салу», – деді Нұрлыбек Машбекұлы өзінің сөзінде.

Облыс әкімі содан кейін клубтың ойыншылар алдындағы қарызына қатысты сауалға жауап берді.

«Қарыз бізге дейін болған. Клуб басшылығына тапсырма бердім. Егер шын мәнінде біздің қарыз екеніміз дәлелденсе, онда бәрін өтеп береміз. Бұл мәселені көтеріп жүрген – сырттан келген ойыншылар, алайда оларға тиімсіз қаражатты жұмсай беруге қарсымын. Кезінде «Ақтөбе» де қаржылық қиындықтарға тап болып, легионерлеріне ақша төлей алмай жатқанда, 17 жастағы футболшылардан тұратын екінші құрамы келіп «Қайсарды» ұтып кеткен. Кәдімгі ауылдың жап-жас балалары, сол намыстың арқасы еді. Кейін «Қайсар» «Ақтөбенің» негізгі құрамын қонақта ұтып кетті. Сондықтан еліне, ауылына жаны ашитын адамдарды тәрбиелеу керек», – деді облыс басшысы бұдан әрі.

Осы тұста журналистер бірінші лигада ойнайтын «Қайсар Шиелі» командасының неге таратылғанын сұрады.

«Шиелідегі команданы жауып тастау деген ойда болған жоқ,– деп жауап берді бұған Нұрлыбек Машбекұлы. – Қайта жақсы стадион салып бердік, сонда дайындалып жүр. Біз келгенде, «Қайсар» бірінші лигада жүрген, біз сол қаражатпен-ақ клубты Премьер-лигаға шығардық. Турнирлік кестеде 6-шы, әрі кетсе 7-орында келе жатыр. Қолдау болмаса, жоғары лигаға қалай шығатын еді? Қолдау бар, стадионның салынуы осы сөзімізге дәлел. Бірақ клубтың құрамын қараймыз. Өз ойыншыларымызды, жастарымызды көптеп тартатын боламыз».

«Футболдың айналасында шу көп. Қазір Антикор бәрін жіті тексеріп жатыр. Тексеріс аяқталмайынша ашып айтқан дұрыс емес шығар. Бәрі нақтыланған соң, мән-жай анықталады», – деді облыс әкімі сөзінің соңында.

Таңбалар: ҚайсарНұрлыбек Нәлібаевфутбол

Ұқсас мақалалар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады

23.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып қайтты
Аймақ

Нұрлыбек Нәлібаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып қайтты

13.08.2026
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Дәулет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

12.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist