Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

АҚШ «Storm Shadow» ракетасының РФ-ға соққы беруіне қарсы емес

УАШИНГТОН. 20 қараша. Украинаға Ресейді америкалық ұзақ қашықтықты зымырандармен соққылауға рұқсат берген Ақ үй британ ракеталарымен шабылдауға да қарсылық білдірмеді. Бұл туралы The Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мұның алдында Британия билігі өзінің «Storm Shadow» зымыранымен украиндардың Ресейдің ішкі жағына соққы беруіне қарсы емес екенін мәлімдеген болатын.

Мұнда Лондонның сақтықпен жасаған мәлімдемелері ұрыс даласында аталмыш қару қолданылып қойылғаннан кейін ғана аян болып еді.

17 қарашада АҚШ президенті Джо Байден АҚШ-тың ATACMS зымырандарымен Ресейдің түкпірлеріне соққы беруге келіскені туралы ақпарат тарағаннан кейін Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер «Storm Shadow» зымырандарына ұқсас рұқсат алу-алмайтыны жайындағы сұрақтарға тікелей жауап қайтарудан жалтарып бағып еді. Дегенмен, 19 қараша күні таңертең Стармер сақтықты ысырып қойып, «Storm Shadow» зымырандарымен соққы жасауға рұқсат етудің көп күттірмейтін мәселе екенін меңзеп қойды.

Шілде айының басында премьер-министр қызметіне кіріскеннен кейін Стармер «Украинаның [ұзақ қашықтыққа ұшатын зымырандарды] қорғаныс мақсатында қалай пайдалану керектігін өзі шешуі керек екенін» бірден түсіндірді. Кейіннен ол абайлап сөйлейтін болды. Өйткені, Джо Байден тек ATACMS ғана емес, сонымен қатар «Storm Shadow»-тың қолдынылуына да келіспеді.

Британ Сыртқы істер министрлігіндегі мәнбенің айтуынша, Байден мұндай шұғыл шешімге  Ресейдің Солтүстік Корея сарбаздарын соғысқа тарта бастағаны тікелей себепкер болды. Уашингтонда бұл «қатты шиеленіс» деп саналды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button