18 Қазан, 07:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина алғаш рет Ресей жеріне америкалық АТАКМС-пен соққы берді

19 Қараша 2024 21:11
- Жаңалықтар, Жаһан
Украина алғаш рет Ресей жеріне америкалық АТАКМС-пен соққы берді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 19 қараша. Өткен түнде Украина Қарулы күштері алыс қашықтыққа атылатын америкалық АТАКМС зымырандарымен Ресейге алғашқы шабуылын жасады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украина әскерлері бұрнағы күні АҚШ президенті Джо Байден бұрын салынған тыйымды алып тастағаннан кейін көп күттірткен жоқ, 300 шақырымға дейін ұшып баратын атышулы ATACMS жедел-тактикалық ракеталарын іске қосты. Олар 19 қарашаға қараған түні аталмыш қарумен Ресейдің Брянск облысына соққы беріп, Карачев қаласындағы қару-жарақ қоймасының күлін көкке ұшырды.

Аталмыш оқиға жайлы украиналық «РБК-Украина» және «Forbes Ukraine» мәтбұғаттары елдің қорғаныс күштеріндегі мәнбелеріне сілтемей жасай отырып баяндады. Мұны Ресей тарапы да жоққа шығарған жоқ.

Сағат 02:30 шамасында Карачев ауданындағы Ресей әскерлерін логистикалық қамтамасыз ету орталығына соққы берілді. Алайда украин тарапы соққыға қандай қару қолданылғанын ресми түрде нақтылап айтпады. Таңертең Кремльдің әлеуметтік желілері мен жергілікті арналар Карачевтегі күшті жарылыстар мен қайталама жарылыс түсірілоген видеолар мен хабарларды жариялады. Шабуыл алдында Брянск облысында зымыран дабылы көтеріліп, сиреналар бебеу қақты.

Карачев ауданында Ресей қорғаныс министрлігінің зымырандық және артиллериялық қарулар бас басқармасының (ГРАУ) 67-арсеналы орналасқан. Бұл – облыстағы ең ірі оқ-дәрі қоймаларының бірі.

Украина басшылығынан тарапынан соққыға қатысты әзірге ресми түсіндірме берілген жоқ.

Ресей әскери департаментінің мәлімдемесіне сәйкес, украин тарапы алты зымыран жөнелткен, оның бесеуі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерімен атып түсірілген, ал алтыншысы нысанды зақымдап, өрт шыққан. Оқиға салдарынан әскери нысанда оқ-дәрілер жарылған.

Алайда, Мәскеу жағы тағы да жалған сөйлеп отырған сияқты. Олай болатыны, Американың Reuters агенттігінің Пентагондағы тілшісі Идрис Алидың хабарлауынша, Украиина армиясы Брянск облысына қарай сегіз ATACMS баллистикалық ракетасын жөнелткен. Ресейдің әуе шабуылына қарсы жүйелері солардың екеуінің ғана жолын кесіп үлгерген, ал қалған алтауы өздерінің көздеп барған нысаналарына дөп тиген.

Еске сала кетейік, АҚШ президенті Джо Байден 17 қараша күні Украинаға Американың алысқа атылатын ракеталарымен Ресейдің ішкі түкпірлеріне соққы жасауға рұқсат еткен еді. The New York Times газетінің мәліметі бойынша, ATACMS-тың алғашқы нысанасы РФ және КХДР әскерлері шоғырланған және бір бөлігін биылғы тамыз айында Украина әскерлері басып алған Курск облысы болуға тиісті-тін. Алайда шын мәнінде нәтиже мүлдем басқаша болып шықты.

АҚШ-тан үлгі алған Еуропа одағының тағы бірқатар елдері Украина Қарулы күштеріне өздеріне берген қарумен Ресейдің ішкері жағын атқылауға рұқсат етті. Осының негізінде РФ диктаторы Владимир Путин өз елінің ядролық доктринасын шұғыл жаңартуға кірісті. Осыған орай бұдан былай Мәскеу ұшқышсыз ұшақтарымен және ядролық емес қанатты зымырандарымен шабуыл жасаған елге ядролық қару қолдана алатын болып шешті.

Таңбалар: ATACMSБрянск облысыУкраина

Ұқсас мақалалар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist