Ресейдегілер КСРО тарауын тар джинсы мен жезөкшеліктен көріп отыр
МӘСКЕУ. 22 қазан. Ресей мемлекеттік думасы елде 80-ші жылдардың аяғында тар джинсының тарауы мен жезөкшелік туралы фильмдер шығуы Одақты таратуға апарды деп есептейді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мемлекеттік дума спикері Вячеслав Володин «балалар үгіт-насихатына» тыйым салатын заң жобасын талқылай отырып, КСРО-ның ыдырауы мен 1989 жылы шетелге шығуды армандайтын жезөкшелер туралы баяндалған «Интердевочка» фильмінің пайда болуы арасындағы параллельді көрсетті.
«Кеңес Одағының құруы қалай басталғанын қараңыз. КОКП Орталық Комитетінің тұсында, 1989 жылы «Интердевочка» фильмі жарыққа шықты. Оған жұрттың бәрі дуылдата қол соқты. Кинотеатрлардағы кезек көкке жетті. Оны Орталық Комитеттің хатшылары да барып көрді. Нәтижесіне бүтін бір ел жоқ болып кетті», – деп күңіренді Володин осы жерде.
«Иван-шай» дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғау қоғамдық орталығының жетекшісі Элина Жгутова өз кезегінде НТВ арнасындағы хабар барысында КСРО-ның ыдырауы жігіттерге арналған сән үлгілерінің таралуынан басталды деген пікір білдірді. «Кешіріп қойыңыздар, бұл ЛГБТ-ға апаратын жол! Ұлы елдің ыдырауының басы дүбірлер мен осы құбылыстар арқылы болды. Неге еркек тылтиып киінуі керек?! Мұнысы әйелдерге тартымды бола бермейді », – деді ол.
Жгутова да кеңестік насихаттың «Егер сен джаз билесең, ертең Отаныңды сатасың» деген ұранын еске салып өтіп, оны өізінің растайтынын айтты. «Айтпақшы, мен мұны нағыз жалқауларға арналған музыка деп ойлаймын», – дегенді қосты сосын спикер.
Мемлекеттік дума қыркүйек айының соңында «балалар үгіт-насихатына» тыйым салатын заң жобасын талқылай бастады. Володин мұндай заңның қажеттілігін әлеуметтік желілер мен қоғамдық орындарда ата-аналарға құрмет көрсетілмейтіні мен көп балалы отбасыларға деген теріс көзқарастың белең алып бара жатуынан шығарып отыр. Заң жобасы кейбір кісілердің өздерінің баласыздығын насихаттауларына толық тыйым салуды қарастырады, ал оны бұзған адамдарға қомақты айыппұлдар салынады. Айыппұлдар мөлшері жеке тұлғалар үшін 400 мың рубльге дейін, лауазымды тұлғалар үшін 800 мыңға дейін, заңды тұлғалар үшін 5 миллион рубльге дейін барады.
15 қазанда мемлекеттік думаның ақпараттық саясат жөніндегі комитеті заң жобасын бірінші оқылымда қабылдауды ұсынды.