Ресей билігі Қазақстанның көкөніс алудың жолын тағы себепсіз кесіп тастады
МӘСКЕУ. 18 қазан. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-ке қосылудан бас тартатқаннан кейін Ресей бұл елдің көкөнісін алуға тыйым салды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Россельхознадзор Қазақстаннан помидор, бұрыш, жаңа қауын, бидай, зығыр тұқымы және жасымық әкелуге шектеу қойды. Шешім «фитосанитарлық қауіпсіздікті» қамтамасыз ету мақсатында қабылданды», – деп хабарлады ведомство. Кремль тарапы 2024 жылдың басынан бері бұл өнімдердің «карантиндік нысандармен» ластануының 215 жағдайы анықталғанын, олардың арасында жәндіктер, ауру қоздырғыштар немесе паразиттік өсімдіктер бар екенін жеткізді. Реттеуші мұның 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 4 есе жоғары екенін атап өтті.
Россельхознадзор ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетін барлық тәртіп бұзушылықтар жайлы хабардар еткенін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) заңнамасының талаптарын сақтау бойынша шаралар қабылдауды сұрағанын мәлімдеді, алайда, соған қарамастан, республика ластанған өнімдерге сертификат беруді жалғастыра берген-міс. Сондай-ақ ведомство Қазақстанның карантиндік нысандарды анықтау жөнінде жүргізілген тергеудің өз нәтижелерін бермегенін атап өтті.
Осы орайда бидай, зығыр тұқымы мен жасымықтың транзитіне шектеу қойылмайды. Бірақ бұл үшін Қазақстан фитосанитариялық сертификаттарды тікелей соңғы баратын елге беріп, астықты теміржол вагондарынан тікелей кеме трюмдеріне ауыстырып тиеуі керек.
Тыйым Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БРИКС-ке қосылудан бас тартуы туралы ақпарат тараған бойда аясында жүзеге асырылды. «Мемлекет басшысына мұндай ұсыныс түсіп, оны «ұлттық мүдде» тұрғысынан қарастырғанымен, әлі де мүшелікке өтуден бас тартуды жөн көрді», деп хабарлады кеше оның кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли. Оның айтуынша, Тоқаев әзірге БҰҰ-ға «барлық өзекті халықаралық проблемалар талқыланатын және талқылануы тиіс әмбебап және балама ұйым ретінде» басымдық береді.
2 қазанда Ресей фитосанитарлық жағдайды алға тартып, Қазақстаннан астықтың транзиті мен импортын іс жүзінде жапты. Республика билігі бұл талаптарды негізсіз деп атады. Өз кезегінде жергілікті өндірушілер бұл шараларды Астанаға берілген жауап деп бағалап, жағдайды «астық соғысының» басталуы ретінде сипаттады. Шектеулер тамыз айында күшіне енген үшінші елдерден, соның ішінде ЕАЭО мемлекеттерінен республикаға бидай импортына толық тыйым салынғаннан кейін пайда болды. Қазақстан мұны Ресейден келген арзанырақ астықтың арқасында сұранысқа ие болмаған өз астық қорын сату қажеттілігімен негіздеді. Сонымен қатар, өткен жылы Астанада да осындай тыйым салынған болатын, бірақ шешім тек автомобиль көлігіне қатысты болды. Қазіргі уақытта бұл шектеу Ресейден келетін бензинге, дизель отынына және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне қатысты болып отыр.