Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Құмкөл жолында қаза тапқан 5 адамның аты-жөндері анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 14 қаңтар. Кеше Қызылорда облысы аумағындағы Құмкөл трассасы бойында орын алған жол-көлік оқиғасында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің аты-жөндері белгілі болды. Бұл туралы өз мәнбесіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Қайғылы оқиға жергілікті уақытпен сағат 14:00 шамасында Құмкөл – Қызылорда тасжолының 69-шы шақырымында тіркелді. Онда «Toyota Hilux» және «Mercedes-Benz Sprinter» көліктері бетпе-бет келіп бір-бірімен соқтығысқан.

Анықталғанындай, «Toyota Hilux» автомобилі «СМПК» ЖШС-ына, «Mercedes-Benz Sprinter» машинасы «Айдан-Мұнай» ЖШС-ына қарайтын көліктер болған. Бұлардың алдыңғысында – 3, ал соңғысында 10 адам отырған. Барлығы да вахталық тәсілмен мұнай кен орындарында жұмыс істейді.

Осы апат 5 адамның өмірін жұлып әкетті. Оқиға болған жерде көлік руліндегі екі жүргізуші тіл тартпай кетті. Олармен бірге тағы бір жолаушы қаза тапты. Тағы екі жолаушы емдеу мекемесінде үзілді.

Бірінші көлік – «Sprinter»-дегі Жанкелді Әбілдаев (1962, жүргізуші), Берік Байтанов (туған жылы мен тұрағы енді анықталады), екінші көлік – пикаптағы Мирамбек Мугинадинов (1984, жүргізуші), Бағдәулет Мизамов (1997, тұратын жері енді анықталады), Азамат Ермаханов (туған жылы мен тұрағы енді анықталады) жол апатының құрбандары болып кетті. Сол сияқты «Sprinter»-дегі жолаушылар Мирас Ысқақов (1984, Қызылорда қаласы), Бауыржан Тиышбаев (1973, Шиелі ауданы «Тартоғай» ауылы), Талапбек Нұржанов (1984, Қызылорда қаласы), Өтеген Махашев (1956, Шиелі ауданы «Тартоғай» ауылы) және Ақылбек Тош (1977, Алматы қаласы) түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған.

Полиция болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button