Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Қызылорда облысында көлік апатынан 5 адам қаза тапты

ҚЫЗЫЛОРДА. 13 қаңтар. Бүгін Қызылорда облысы аумағындағы Құмкөл трассасы бойында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам өмірмен қоштасты. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Оқиға Құмкөл – Қызылорда тасжолының 69-шы шақырымында орын алды. Онда «Toyota Hilux» және «Mercedes-Benz Sprinter» көліктері бетпе-бет келіп соғысқан. Нәтижесінде 5 адам ажал құшты. Тағы 5 адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Оқиға болған жерде көлік тізгініндегі екі айдаушы мен бір жолаушы қаза тапқан. Тағы екі жолаушы емдеу мекемесінде қайтыс болған.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, көліктердегі қалған бес жолаушыға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«Оқиға орнында полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс жасауда, – деді әкімдіктегілер. – Жол-көлік оқиғасының орын алуына жүргізушілердің жолда жүру ережесін бұзушылықтары себеп болған».

Осының салдарынан екі айдаушы өздерімен қоса, тағы үш жолаушының өмірлерін әкетіп отыр.

Полиция болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button