Өзбекстанның кеңес кезеңіндегі басшысы Шараф Рашидовтың ұлы өмірден өтті
ТАШКЕНТ. 8 қыркүйек. Кеңес Одағы заманында Өзбекстанды партия лидері ретінде ұзақ жылдар басқарған Шараф Рашидовтың ұлы Ильхом Рашидов қайтыс болды. Бұл туралы Qalampir.uz дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Шараф Рашидовтың ұлы Ильхом Шарафұлы Рашидов 72 жасында опат болды», – делінген өз мәнбесінен ақпар алған портал хабарламасында.
Илхом (Владимир) Рашидов өз әкесі Шараф Рашидов ел басқарып тұрған дәуірде саяси процестерге араласа алмады, себебі, әкесі мұны қош көрмеді. Бірақ кейінірек Илхом Рашидов бірқатар уақыт жоғары мемлекеттік лауазымдар тізгінін ұстады. Ал соңғы жылдары әкесі атындағы қорды басқарды. Оның қызы Надира қазір Әділет министрлігінде кеңесші болып істейді.
Жоғары экономика мектебін бітірген Ильхом 1959-1983 жылдар аралығында Өзбекстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болған Шараф Рашидұлы Рашидовтың жалғыз ұлы еді. Партия лидерінің одан басқа, Сайёра, Дилорам, Гулнара және Светлана деген 4 қызы болды.
Мәнбеге қарағанда, Ильхом Ташкент қаласындағы Орда ауданында тұрған. Қазіргі кезде марқұмды жерлеуге арналған шаралар жүріп жатыр. Ол Ташкенттегі «Шағатай» мазаратына қойылады. Жерлеу рәсіміне Өзбекстан Үкіметінің өкілдері қатысады деп күтілуде. Атап айтқанда, жаназада бұрынғы сыртқы істер министрі, қазіргі президенттің сыртқы саясат жөніндегі арнайы өкілі Абдулазиз Комилов болады. Ол Шараф Рашидовтың күйеу баласы болып саналады. Комилов Рашидовтың қызы Гулнара Рашидоваға үйленген.
Еске сала кетейік, Шараф-аканың кенже қызы Светлана Рашидова бұдан үш жыл алдын, 2021 жылы 14 желтоқсанда 70 жасында АҚШ-та қайтыс болған.
Суретте: Шараф Рашидов (ортада) ұлы Ильхоммен және жұбайы Хурсан Гафурқызымен бірге
Хабардың өзбек тіліндегі түпнұсқасы:
Шароф Рашидовнинг ўғли вафот этди
Шароф Рашидовнинг ўғли Илҳом Шарофович Рашидов 72 ёшида вафот этди. Бу ҳақда QALAMPIR.UZ манбаси хабар берди.
Илҳом Рашидов отаси Шароф Рашидовнинг бошқаруви даврида сиёсий жараёнларда қатнашмаган, буни отаси хоҳламаган. Лекин кейинчалик Илҳом Рашидов маълум муддат юқори ҳукумат лавозимларида ҳам хизмат қилган.
Манбага кўра, у Тошкент шаҳрининг Ўрда даҳасида истиқомат қилган. Ҳозирда марҳумнинг жанозасига тайёргарлик ишлари кетмоқда. Рашидов Тошкентдаги Чиғатой қабристонига дафн қилинади. Дафн маросимида Ўзбекистон ҳукумати вакиллари ҳам қатнашиши кутилмоқда.
Хусусан, собиқ ташқи ишлар вазири, Президентнинг ташқи сиёсат масалалари бўйича махсус вакили Абдулазиз Комилов ҳам дафн маросимида қатнашиши кутилмоқда. У Шароф Рашидовнинг куёви саналади. Комилов Рашидовнинг қизи Гулнора Рашидова билан турмуш қурган.
Эслатиб ўтамиз, Шароф Рашидовнинг қизи, таниқли олима, жамоат арбоби Светлана Шарофовна Рашидова 2021 йил 14 декабрь куни 70 ёшида АҚШда вафот этганди.