ОБСЕ Қазақстандағы сайлаудан демократия көре алмады
АСТАНА. 13 қаңтар. Бұдан үш күн алдын Қазақстанда өткен Парламент мәжілісіне сайлауды бақылаған ОБСЕ өкілі оның демократиялық принциптерге сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
ОБСЕ-ның қысқа мерзімдік бақылаушылар тобының жетекшісі Кристиан Вигенин сайлаудың «Қазақстанның өзі жетуге ұмтылып отырған демократиялық стандарттарына толық деңгейде сәйкес келмейтінін» атап өтті.
«Сайлауда әлі де ашықтық жетіспеді, ол елде реформа жасалуы қажет екенін көрсетті», – деді ол. Вигениннің пікірінше, Қазақстанға заңнаманы реформа жасау керек, соның ішінде ОБСЕ талаптары ескерілуі керек.
Халықаралық беделді ұйымның өкілі республика билігінің демократиялық сайлау өткізуге мүдделілік байқатып отырғанын да әңгімеледі.
Ал ОБСЕ-нің демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросы шектеулі миссиясының жетекшісі Ярослав Доманьски Қазақстан заңнамасына мұның алдында демократияландыру процесіне бағытталған бірнеше маңызды өзгерістердің енгізілгенін, бірақ оның кейін жалғаспай қалғанын мәлімдеді.