Демократтар Камала Харристің науқанына алғашқы сәттен $55 млн жинады
УАШИНГТОН. 23 шілде. АҚШ Демократиялық партиясының жақтастары Камала Харристің президент сайлауы науқаны үшін 55 млн доллардан аса ақшаны бірден жинап берді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Президент сайлауы сайысынан Джо Байден кетіп, оның орнына вице-президент Камала Харристің келетіні жарияланғаннан кейін бірден АҚШ Демократиялық партиясының жақтастары оның аздаған шығындары үшін ActBlue платформасына 55 млн-нан астам доллар ақша жинап берді. «Бұл – бір күнің ішінде жиналған ақша бойынша рекорд» деп атап өтті Politico.
Мәтбұғат атап өткендей, бұл жылу президент Джо Байден сайлау жолынан шығып қалғаннан кейін демпартия жақтастарының оның орнына келген мүдуарды қатты қолдауларының нақты көрсеткіші болып табылады.
Американың іс басындағы лидері Джо Байден 21 шілде күні өзінің президенттік лауазым жолындағы жарыстан шығатынын мәлімдеді. Ол балама ретінде өзінің орынбасары Камала Харристің кандидатурасын ұсынды. Енді Харрис дүйсенбі күні Ақ үй алдындағы Оңтүстік шалғында өтетін студенттік спорт лигасы чемпионатының (NCAA) ашылу шеңберінде сөз сөйлейді деп күтілуде.
CNN хабарлағандай, Харрис сайлауға түсуге бірден келісім берген. Ол өзіне сенім білдіріп, қолдау көрсеткені үшін президентке алғыс айтты.
«Мен үшін президенттің сеніміне ие болу – үлкен құрмет. Мен сондықтан бұл сайлауда жеңіске жетуге тырысамын», – деді ол.
Егер Камала Харрис осы сайлауда жеңіске жетіп жатса, ол АҚШ тарихындағы бірінші әйел президент болмақ. АҚШ президентінің сайлауы 2024 жылғы 5 қарашада өтетін болып белгіленген. Онда Харристің республикашылар атынан түсетін қарсыласы Дональд Трамп болғалы тұр.