Пашинян 1 қаңтарға қараған түні отставкаға кетеді
ЕРЕВАН. 17 желтоқсан. Армения премьер-министрі Никол Пашинян 31 желтоқсан күні түнде тарататын Жаңа жылдық жолдауында өзінің отставкаға кететіні туралы мәлімдеуі мүмкін. Бұл туралы армянның «Грапарак» газеті хабарлады.
«Пашинян 31 желтоқсанда жаңа жылдық жолдауын оқу кезінде өзінің отставкаға кететінін және кезектен тыс парламент сайлауы өткізілетінін жариялайды», – деген анықтама береді басылым өз мәнбесіне сілтеме жасап.
Әзірге ақпаратты ресми растау немесе теріске шығару болған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 13 желтоқсанда Үкімет басшысының баспасөз хатшысы Мане Геворкян бірқатар Telegram арналарының Пашинянның отставкаға кететіні туралы қауесеттерін жоққа шығарған болатын. «Отставка туралы жаңалықтар соншалықты маңызды емес, сондықтан оларға түсіндірме беріп қажеті жоқ», – деді ол ТАСС тлшісіне.
Премьер-министрдің өзі бұған дейін оппозицияның наразылығына қарамастан, орнынан кетпейтінін бірнеше рет мәлімдеген болатын. Өйткені, ол тек «халықтың еркімен ғана» өзінің статусынан кете алады. Ал митингілер халықтың еркі болып саналмайды.