26 Тамыз, 11:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұхтар Құл-Мұхаммед: Бұл – екі ел арасына сына қағу әрекеті

14 Желтоқсан 2020 18:42
- Жаңалықтар, Қоғам
Мұхтар Құл-Мұхаммед: Бұл – екі ел арасына сына қағу әрекеті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 14 желтоқсан. Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед Ресей Мемлекеттік думасы депутатының қазақ жеріне қатысты айтқан сөзін Қазақстан мен Ресей арасына сына қағу үшін жасалған әрекет деп бағалады. Бұл туралы «Азаттық үні» хабарлады.

Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Ресей Федерациясы Думасының депутаты Вячеслав Никоновтың арандатушылық сөзіне қарсы өзінің ойларын білдірді.

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің осыған байланысты айтқан сөзі төменде толық беріліп отыр.

«Жақында Ресейдің «Бірінші арнасында», – егер біздің әріптесіміз, Мемлекеттік думаның білім мен ғылым жөніндегі комиетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың аузымен айтылмаса, назар аудармай қоя салуға болатын, – барынша арандатушылық сипаттағы мәлімдеме естілді.

Айтпақшы, оның Ұлы Отан соғысы басталуға екі жыл қалғанда Риббентроппен бірге құпия пактіге қол қойған Молотовтың немересі екенін көп адам біле бермейді.

Бұрынғы комсомол көшбасшысы, жалынды парторг, аты жанжалмен тарихта қалған КСРО ҰҚК-ның белгілі төрағасы В.Бакатиннің көмекшісі Никонов сонда: «Қазақстан деген мүлде болған жоқ, солтүстік Қазақстанда тіпті ешкім тұрмады. Олар болды, бірақ бұдан барынша алыс оңтүстікте. Шынын айтқанда, Қазақстанның территориясы – бұл Ресей мен Кеңес Одағы тарапынан берілген үлкен сыйлық…», – дейді.

Бұл не: соғысқұмарлық көрбақтық па, саяси инфантизм бе немесе екі халық пен мемлекет арасына сына қағу үшін жасалып отырған мақсатты әрекет пе?

Бәлки, АҚШ-тың саяси партиялары тарихы жөнінде маманданған тарих ғылымдарының докторы Никоновтың жақын көршілерінің тарихында шаруасы да жоқ шығар, сондықтан оған жұрттың бәріне белгілі тарихи фактілер жөнінде ескерте кеткім келеді.

Қазақстан территориясының тұрғындары туралы. Ерте замандардан біздің дәуірімізге дейін бұл жерлерді қазақтардың арғы бабалары болған тайпалардың мекен еткені – бұлтартпас факт. Тап осы жерден біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырда-ақ тіршілік еткен әйгілі Ботай мәдениетіне жататын көптеген қоныстар табылған. Ботайлықтар жабайы аттарды үй жағдайына бейімдеп, жылқы кәсіпшілігімен және басқа да кәсіпшіліктермен айналысқан. Ғасырлар мен мыңжылдықтар бойы мұнда біздің тікелей бабаларымыз болып келетін сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақтар мен қазақтар бірін-бірі алмастырып отырған. Егер мейлінше беріректегі кезең туралы сөз етсек, тарихшыларға Қазақстанның қазіргі байтағына жақын маңда қыпшақ хандарының ордасы – ортағасырлық Бозоқ қаласының болғаны жақсы мәлім. Біз, қазақтар, кұмандардың, половецтер мен печенегтердің, қыпшақтардың, скифтердің тікелей ұрпағы болып саналамыз. Бұл тақырыпта жүздеген салиқалы ғылыми еңбектер жазылған.

Біздің мемлекеттігімізге келсек. Сонау 552 жылы-ақ пайда болған, өзінен кейін көптеген жазба ескерткіштер қалдырған, ақиқи тарихы толық куәландырылған, соның ішінде орыс тарихшылары да мойындаған Түрік қағанатының мұрагері болып табылатын Қазақстанның ежелгі тарихына тереңдеп бармай-ақ қояйын.

Басқасын атап өтейін: Шыңғысханның шапқыншылығына дейін қазақтардың қазіргі Қазақстанның бүкіл территориясын қамтып жатқан Дешті-Қыпшақ деген мемлекеті болды.

Шыңғысхан басып кіргеннен кейін Еуразияның ортағасырлық аса ұлы мемлекеті – Алтын орда пайда болды. Алтын орданы Керей және Жәнібек хандардан бастап, Абылай ханға дейінгі барлық қазақ хандарының түп атасы болып табылатын Жошы хан құрды. Қазір Жошының мазараты Орталық Қазақстан территориясындағы Ұлытауда тұр.

Алтын орда тарағаннан кейін, 1465 жылы Қазақ хандығы құрылды, оның 550 жылдығын біз 2015 жылы мемлекеттік деңгейде атап өттік. Міне, тап осы хандық Ресеймен тату-тәтті көршілік қарым-қатынас орнатты, бұл туралы орыс ғалымдары жан-жақты зерттеулер жазды.

Қазіргі таңда Қазақстан мен Ресейді стратегиялық серіктестік, мәңгілік достық туралы келісім және одақтастық, жеті жарым мың шақырымнан астам шекара, ең бастысы – азаматтарымыз бен халықтарымызды көзге көрінбес берік жарасым байланыстырып тұр.

Олар ұрыс далаларында бірге шайқасқан, қаза тапқан және жеңіске жеткен біздің аталарымыз бен әкелеріміздің мызғымас туысқандығымен және қанымен бекітілген. Олар Мәскеу мен Ленинградтан, Саратов пен Тамбовтан қуғындалып, жер аударылып келгендермен бір баспананы және нанның соңғы тілімін бөліскен біздің аналарымыздың көз жастарымен суарылған. Сондықтан қазақстандықтардың бәрі үшін қасиетті мереке – Тәуелсіздік күнінің қарсаңында никоновтардың мұндай демаршы біздің отандастарымыз арасында ашу-ызаның орасан зор толқынын туғызып жатыр. Бұл – саяси жауапсыздық қана емес, сонымен қатар жүздеген жылдар бойы халықтарымыз арасындағы ортақ жетістік – достықты қалыптастырған біздің миллиондаған қазақтар мен орыстардың жадын қорлау..».

Айта кетейік, Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасы білім және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Вячеслав Никонов «Бірінші арнада» өткен «Үлкен ойын» бағдарламасы кезінде: «Қазақстанның территориясы – Ресей тарапынан үлкен сыйлық» деген болатын. Осыған байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының уақытша сенімді өкілі Александр Комаров шақырылып, оған министрліктің бұл жөніндегіұстанымы атап көрсетілген нота тапсырылды.

Таңбалар: жауапМұхтар Құл-МұхаммедНиконов

Ұқсас мақалалар

Бибісара Асаубаева спорт министрлігінің шабуылына қатаң жауап берді
Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева спорт министрлігінің шабуылына қатаң жауап берді

11.06.2026
Қасарысқан Путин Зеленськийдің хатына қатаң жауап қайтарды
Жаңалықтар

Қасарысқан Путин Зеленськийдің хатына қатаң жауап қайтарды

06.06.2026
Звягинцев: Қазір миллиондаған ресейліктің дауыс беру құқы жоқ
Әлеумет

Звягинцев Каннда сөйлеген сөзін сынағандарға жауап қайтарды (видео)

30.05.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist